- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ана мен бала денсаулығын қорғаудың өзекті мәселелері талқыланады
Астанада ана мен бала денсаулығын қорғаудың өзекті мәселелері талқыланады
Конференция жұмысына ҚР Мемлекеттік хатшысы Әбдіқалықова Г.Н., ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Балиева З.Я., Аманжолова З.Ж., ҚР Денсаулық сақтау министрі Біртанов Е.А., сондай-ақ, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония, Ресей, Әзербайжан, Укранина, Беларусь және өзге де елдерден жетекші ғылыми орталықтардың өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр.
«Ана мен бала денсаулығын қорғаудың өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізудегі басты мақсат – аналар мен балаларға көрсетілетін медициналық көмек сапасын озық медициналық тәжірибелерге, халықаралық сапа және қауіпсіздік станадарттарына сай жақсарту боп табылады. Сондай-ақ, конференцияда диагностикалау мен емдеудің қазіргі заманғы технологияларын, оның ішінде стационарды алмастырушы және ресурс сақтаушы технологияларды енгізу, балалар транплантологиясы, онкология, орфанды ауруларды диагностикалау мен емдеу әдістерін дамыту арқылы әйелдер мен балаларға көрсетілетін медициналық қызметті жетілдіру мәселелері талқыланады.
Халықаралық конференция барысында отандық және шетелдік жетекші мамандар ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы әлемдік тәжірибелер туралы баяндамалар жасап, өз тәжірибелерімен бөліседі.
Екі күн ішінде конференцияда акушерлік, гинекология, неонатология, педиатрия, балалар онкологиясы, балалар хирургиясы, нефрология, трансплантология салаларына қатысты ең маңызды деген 50-ден астам тақырып талқыға салынады.
Оған қоса, конференция барысында шетелдік білікті мамандар бірқатар шеберлік-сабақтарын өткізіп, отандық дәрігерлер жаңа инновациялық технологияларды меңгереді.
Конференцияны ұйымдастырушы – Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Балаларды оңалтудың ұлттық орталығы, Республикалық диагностикалық орталық, Онкология және транплантология ұлттық ғылыми орталығы және Қызылорда қаласындағы филиалдың басын қосатын «University Medical Center» корпоративтік қоры.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді