• Басты
  • Жаңалықтар
  • Кореялық фотограф К. Унгу неліктен ақ-қара түсті жұмыстарды артық көретінін айтып берді (ВИДЕО)

Кореялық фотограф К. Унгу неліктен ақ-қара түсті жұмыстарды артық көретінін айтып берді (ВИДЕО)

2 Қазан, 2017 15:59
Астанада өткен «Корея бейнелері» атты деректі фотокөрменің ашылуы аясында кореялық фотограф Кан Унгу неліктен адамдарды ақ-қара түсті гаммада түсіруді ұнататыны жайында айтып берді.

«Ақ-қара түсті фотосурет – фотограф жұмысының негізі. Неліктен мен ақ-қара түсті фотосуреттерді таңдаймын? Менің ойымша, түрлі түсті фотосуреттердің шуылы көп. Мен Сіздер еш жерден көре алмайтын Кореяның  бейнесімен таныстырмақпын. Адамдар, сондай-ақ пейзаждар бейнеленген фотосуреттер өте көп. Бәрінен бұрын адамдарды табиғатпен бірге суретке түсірген ұнайды», - деп атап өтті фотограф.

Еске сала кетейік, көрмеде ел мен оның халқының бейнесін өз туындыларында көрсеткен жеті фотографтың 123 жұмысы ұсынылған. Мұнда Кореяның 1970 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі бейнесі сипатталады. Көрме 18 қазанға дейін созылады.  

 

Ақбота Күзекбай

Фото Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар