• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында шаңғы жарысы бойынша ардагерлер арасында республикалық чемпионат басталды

Ақмола облысында шаңғы жарысы бойынша ардагерлер арасында республикалық чемпионат басталды

9 Қаңтар, 2014 18:20
Ақмола облысында шаңғы жарысы бойынша ардагерлер арасында ҚР чемпионаты ашылды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Сандықтау ауданында өтетін чемпионатқа қатысу үшін 50 спортшы-ардагер өтініш білдірді. Қатысушылардың жасы 30-дан 80 жасқа дейін», - делінген хабарламада.

Шараны ұйымдастырушы – 1992 жылы пайда болған Қазақстанның шаңғы спорт ардагерлерінің одағы.

Айта кетерлігі, чемпионатқа тұрақты қатысатын атақты спортшы Қысқы олимпиада ойындарының жүлдегері – Иван Гаранин.

 

 

Барлық жаңалықтар