- Басты
- Жаңалықтар
- «WestKazInvest-2017» форумы ең батыл жобаларды іске асыруға көмектеседі - әкім
«WestKazInvest-2017» форумы ең батыл жобаларды іске асыруға көмектеседі - әкім
Облыс әкімдігінде хабарлағандай, Форумды өткізудің мақсаты - іс-шара қонақтарын Батыс Қазақстан облысының экономикалық табыстарымен, инвестициялық әлеуетімен және инвестициялық жобаларымен таныстыру.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов «WestKazInvest-2017» ең батыл жобаларды іске асыруға көмектесетінін мәлім етті.
«Биыл біз өңіріміз үшін маңызды болып табылатын агроөнеркәсіп кешенін және мұнай-газ секторын дамытудағы инновациялық әдістерді қолдану сияқты бағыттарға баса назар аударып, қаржы ұйымдарының бизнесті қолдау құралдарына, бизнес пен мемлекеттік сектордағы жаңа технологияларды қолдануға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыруға көңіл бөлдік. Елбасы осы мәселелерге үлкен көңіл бөлуде. Сонымен бірге, Президент Н. Назарбаев өзінің "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Жолдауында қолайлы бизнес-климаттың дамуына және инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасауға баса назар аударды. Инфрақұрылымның жақсаруы сауда қатынастарының дамуына да оң әсер етеді. Біздің өңіріміздің ЕАЭО өңірлерімен тауар айналымы 330 млн АҚШ долларын, соның ішінде Ресеймен 310 млн құраған», - деді әкім.
Сондай-ақ, ол бүгінде өңірде 230-ға жуық бірлескен кәсіпорын мен 400 шетелдік компания сәтті жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
IV-го Халықаралық инвестициялық форум аясында үш панельдік сессия өткен. Сондай-ақ Форум алаңында Батыс Қазақстан облысы мен Орынбор облысының кәсіпкер әйелдерінің, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің іскерлік кездесуі өтті.
«WestKazInvest-2017» халықаралық инвестициялық форумын өткізу аясында тартылған инвестициялар сомасы 6 млрд теңгені құрады.
Әкімдіктің мәліметі бойынша, 3,6 млрд теңге сомасына екі шартқа қол қойылды. Сондай-ақ 1,5 млрд теңге сомасына тұжырымдамалық келісімге қол қойылды. "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" мен Батыс Қазақстан облысының әкімдігі арасындағы меморандумға қол қойылды.
Форум аясында "Қазақстан-Ресей. Өңірлердің шекара маңы ынтымақтастығы" көрмесі өтті. Оған Қазақстан мен Ресейден 100-ден астам қатысушы қатысты.
Орынбор облысының Қазақстан Республикасындағы негізгі сауда әріптесі Батыс Қазақстан облысы болып табылады. Бұдан бөлек, «WestKazInvest-2017» форумының бірінші күнінде Орынбор облысының ресми делегациясы Орал қаласының өнеркәсіптік және сауда объектілері мен кәсіпорындарын аралады.
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді