- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде «Халықтық кеңсе» ашылды
Ақтөбеде «Халықтық кеңсе» ашылды
Мақсат – азаматтардың мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша сапалы және қиындықсыз алуы. Жобаны іске асыру сыбайлас жемқорлық қаупін азайтуға, қызметтің айқын, қол жетімді жолмен жүргізілуіне, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Облыс әкімдігі хабарлағандай, «Халықтық кеңсе» іске қосылғаннан бастап, тұрғындар бір мемлекеттік қызметті алу үшін бірнеше есікті айналуға мәжбүр болмайды. Тапсырыс жазып қалдырғаны жеткілікті. Мамандар клиенттердің өтінішін тиісті мемлекеттік органдарға жібереді. Таяу уақытта «Халықтың кеңсе» ғимаратына Құқықтық қызмет орталығы қоныстанады.
Сапалы және толыққанды қызмет көрсету мақсатында «Халықтық кеңседе» 20 ұйымның кеңесшісі мен мамандары орналасады. Мұнда жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және коммуникация, ауыл шаруашылығы, білім беру, кәсіпкерлікті дамыту, құрылыс және т.б. бойынша 600-ден астам қызмет түрі көрсетілетін болады.
Айта кететін жай, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға ыңғайлы болу үшін орталыққа кірер жер автоматты көтергішпен жабдықталған.
Белгілі болғандай, Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру тәжірибесімен танысу мақсатында «Туған жер» форумына Астана мен Алматы қалалары, облыс әкімдерінің орынбасарлары, бірқатар мемлекеттік органдардың вице-министрлері келеді.
Осыған байланысты облыс әкімі С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананы, өнер мұражайы мен Қазақстан халқы ассамблеясында болып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшуі», «Сакральды география» және «Жүз жаңа есім» сияқты салаларының жүзеге асырылу барысымен танысты.
Бұдан басқа, Б.Сапарбаев «Олимп» хоккей модуліне барып, ол жерде жас спортшылармен, оның ішінде конькимен сырғанаудан халықаралық балалар жарысынан үздік нәтиже көрсеткен Дарья Вдовинамен әңгімелесті. Облыс әкімі оларға заманауи кешеннің арнайы солар үшін салынғанын айтып, сондықтан дайындықты жібермеулерін және ынтамен дайындалуды тапсырды.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Елордада журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды -
Қазақстандағы экология зaңнaмaсы: жаңашылдық пен жауапкершілік жүгіндегі өзгерістер -
Елордада белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің жеке көрмесі ашылды -
Елордада дзюдо орталығы ашылды -
Елордада «Туған өлкем» көрмесi ашылды