• Басты
  • ОҚО әкімі индустриалды аймақтардағы кәсіпорын басшыларымен кездесті
28 Қыркүйек, 2017 16:57

ОҚО әкімі индустриалды аймақтардағы кәсіпорын басшыларымен кездесті

Кәсіпкерлерге қолдан жасалатын кедергілер жойылып, бюрократияға жол берілмеу керек. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өңірдегі іскер азаматтармен кездесуі барысында айтты.
ОҚО әкімі индустриалды аймақтардағы кәсіпорын басшыларымен кездесті

«Өңірдің өндірісін көтеріп және облыс экономикасының дамуына орасан үлес қосып отырған осы шағын және орта кәсіпкерлік саласы. Бүгінде кәсібін дөңгелетемін деген әрбір кәсіпкерге мемлекет бар жағдайды жасап отыр. Өздеріңіз кәсіпорын ашып отырған индустрирлды аймақта Елбасының бастамасымен қолға алынған үдемелі индустрирлық-инновациялық даму бағдарламасы аясында құрылған»,- деді әкім.

Бизнес өкілдерімен болған кездесуде отандық өндірісті дамыта отырып, сыртқы тауарды қыстарту және экспортты ұлғайту мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, индустрирлды аймақта орналасқан кәсіпорындар аумағын көгалдандыру мен бос жатқан жерлерді игеру жайы да қаралды. Онда облыс әкімінің орынбасары трансформатор шығаратын «Asia Trafo» кәсіпорыны өз қаржысы есебінен «Тассай» индустриалды аймағында шағын бау егетінін айтып, өзгелерге үлгі етті.

Кездесу барысында «Амир-А» ЖШС-нің директоры Айман Амирбекова «Оңтүстік» индустриалды аймақта құны 7 миллиард 11 млн теңге болатын металлургиялық зауыттың құрылысы жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Жылына 500 мың тонна металл бұйымдарын шығаруға қауқарлы өндіріс орны іске қосылғанда 260 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Айта кетейік, «Оңтүстік» индустриалды аймақта жалпы сомасы 55,8 млрд  теңге болатын бес мың жұмыс орнымен 85 жоба жүзеге асырылуда.  Оның бүгінде құны 21,4 млрд. теңге болатын 46 жобасы іске қосылып, үш мың адам жұмыспен қамтылып отыр. Ал «Бадам» индустриалды аймағында 14 жоба жүзеге асырылып жатса, бүгінде оның 3-уі іске қосылған. «Тассай» ИА бүгінде 27 жобаны жүзеге асыру жоспарланса, оның 4-уі іске асырылған.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды