- Басты
- Жаңалықтар
- 2018 жылы аграрлық ғылымды дамыту үшін 4,2 млрд теңге бөлінеді
2018 жылы аграрлық ғылымды дамыту үшін 4,2 млрд теңге бөлінеді
«Келесі жылы аграрлық саланың ғылыми-зерттеу жұмыстарын зерттеуге республикалық бюджеттен 4,2 млрд теңге бөлу қарастырылған. Бұл атқарылып жүрген істерді жалғастырып, жаңа ғылыми әзірлемелерді қаржыландыруға мүмкіндік береді. Оған қоса, технологияларды енгізуге ерекше назар аударылуда, себебі аграрлық ғылымды бизнес қызығушылығына бағыттауымыз керек. Біздің бизнес жаңа инновациялық технологияларды енгізгені дұрыс, ал біздің ғалымдар фермерлермен қатар, аталмыш технологияларды енгізуге жәрдемдесулері керек», - деді Гүлмира Исаева.
Жалпы, 2018-2020 жылдар аралығында қазақстандық аграрлық ғылымды дамыту үшін 12,6 млрд теңге қарастырылған.
Вице-министр ЭКСПО-да таныстырылған аталмыш технолгияларды енгізу әлеуеті туралы айтып өтті.
«Мәселен, Нидерланд павильоны ЭКСПО-2017-де жылу шаруашылығы бойынша 11 технологияны таныстырды. Айта кетерлігі, Ақтөбе облысында «Green house» жобасы бар. Жылу шаруашылығының осындай технологиясы Қазақстанда енгізілген болатын.Аталған технологиялар әлемде енді таныстырылып жатыр. ҚазАгроҚаржы аталмыш жобаны қаржыландырды», - деді Г.Исаева.
Айта кетейік,Үкіметтегі баспасөз конференциясында ведомствоның вице-министрі қытайлық инвесторлар Қазақстанда кеспе шығаратын зауыт салуға мүдделі екендігін айтты.
Ақбота Күзекбай
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі