- Басты
- Жаңалықтар
- Қытайлық инвесторлар Қазақстанда кеспе өндіретін зауыт салуға ниетті
Қытайлық инвесторлар Қазақстанда кеспе өндіретін зауыт салуға ниетті
«Жуырда ғана қытайлық инвесторлармен кездестім, олар кеспе өндіретін зауыт салмақ. Олар жоғары сұрыпты кеспе өндіруге мүмкіндік беретін біздің бидай мен ұнның сапасы қызығушылық танытуда. Қазір қытайлықтар өз елінде мейрамханаларға немесе қоғамдық тамақтану орындарына кірген кезде қазақстандық ұннан дайындалған кеспеге тапсырыс береді», - деді вице-министр.
Сондай-ақ ол Қазақстан өз кезегінде қытайлық кеспе өндірумен айналысуы мүмкін екенін хабарлады. Зауыт құрылысына 47 млн доллар жұмсалады. Кәсіпорын тәулігіне 700 тонна кеспе өндіреді деп жоспарлануда.
«Біз алға ілгерілеп, осы кеспе өндірісін Қазақстанда да бастай аламыз. Дайын өнімді қаптап және таңбалап, жібере аламыз. Елбасы айтқандай, біз анағұрлым жоғары қосылған құнмен өнім экспортын реттеуіміз қажет. Өз жерімізде өңдеп, нарыққа шығару керек», - деп атап өтті ведомствоның вице-министрі.
Бүгінгі күні министрлік аталған зауыттың қайда салынатыны туралы ойластыруда.
«Астана қаласының және Қостанай облысының, сондай-ақ СҚО әкімдіктерімен келіссөздер жүргізілді. Олар инфрақұрылымы жақсы жер учаскесін таңдайды. Қазір бұл кәсіпорын үшін қазақстандық партер де бар, біздің ойымызша, бұл Астананың азық-түлік белдеуінде болады», - деп қорытындылады Г. Исаева.
Еске сала кетейік, баспасөз конференциясы барысында ауыл шаруашылығы вице-министрі ЭКСПО-2017 көрмесінде таныстырылған ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық технологиялар туралы айтып өткен болатын.
Ақбота Күзекбай
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды