- Басты
- Жаңалықтар
- Қ. Ақсақалов «Петропавл-Қорған» автокөлiк жолын қайта құру барысымен танысты
Қ. Ақсақалов «Петропавл-Қорған» автокөлiк жолын қайта құру барысымен танысты
Жол учаскесiнiң жалпы ұзындығы 60 шақырымды құрайды. Бұл жол iске қосылатын 2 нысанға бөлiнген: бiрiншiсi — 29 шақырым, екiншiсi — 31 шақырым. Екi жобаның жалпы құны — 27 млрд. теңге. Қазiргi кезде екi нысанда 123 техника, 200-ге жуық адам жұмыс iстеп жүр.
Бұл жол учаскесi 60 — жылдары салынған, қазiргi жүктемесi нормативтерге сай емес, жөндеу жұмыстарынан соң Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк құжаттарына сай келетiн болады.
Жоба үстiмiздегi жылдың шiлде айында басталды, жөндеу жұмыстарын 2019 жылдың соңында аяқтау жоспарланған.
«К-Дорстрой» АҚ СҚОФ директоры Юрий Ивашов өңiр басшысы Құмар Ақсақаловқа жүргiзiлiп жатқан жұмыстар жайында хабарлады, облыс әкiмi өз кезегiнде жөндеу жұмыстарын 2018 жылдың соңында аяқтауды тапсырды.
«Сiздер жөндеу жұмыстарының уақытын созып жiбердiңiздер. Жұмысты сапасына нұқсан келтiрмей, жылдамдату қажет. Бұл Қорғанға апаратын жол, сондықтан жөндеу жұмыстары халықаралық стандартқа сай жақсы жүргiзiледi. Келесi жылыдң соңына дейiн жөндеу жұмыстарын аяқтау қажет», — дедi облыс әкiмi.
Өз кезегiнде «К-Дорстрой» АҚ СҚОФ директоры Юрий Ивашов бәрi ауа-райына байланысты екенiн атап айтты.
«Қазавтожол» ҰК» АҚ СҚОФ директоры Болатбек Айтбаев үстiмiздегi жылы аяқтауға жоспарланған жұмыстар туралы айтып бердi.
«Өздерiңiз көрiп тұрғандай жұмыс басталып кеттi, ескi жол жабындысы алынып, кейбiр жерлерде жаңа жол жабындысы салынып жатыр. Үстiмiздегi жылы бiрiншi техникалық санаттың жартысын аяқтауды жоспарлап отырмыз, ол — 3,5 шақырым, оның жоғарғы жабылғысын немесе төменгi жабылғысын аяқтау. Сонымен бiрге су өткiзетiн құбырлардың жасанды құрылғысы мен барлық коммуникацияларды, яғни электрмен жабдықтау желiлерiн, инженерлiк құрылғыларды ауыстыру биылғы жылға жоспарланған», — дедi Болатбек Айтбаев.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда