- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда автомобильдер шығару көлемі 3,2 есе өскен
Қазақстанда автомобильдер шығару көлемі 3,2 есе өскен
Қазақстан аумағында жалпы құны 91,5 млрд теңгені құрайтын автокөлік құралдарының 11 811 бірлігі (жеңіл, жүк, автобус техникасын, арнайы машиналар мен тіркемелерді қоса алғанда) шығарылған. Шығарылым көлемі 3,2 есе өскен. Жеңіл автомобильдер өндірісі 10 355 бірлік мәніне жетіп, 4,3 есе өскен.
2017 жылғы 8 ай қорытындылары бойынша автобус техникасының шығарылымы (431 бірлік) бір жыл бұрын болған көрсеткіштен 5 есе асқан. Мамандандырылған автотехника (140 бірлік) өндірісі 4,4 есе өскен. Жүк автомобилінің шығарылымы 25% қысқарған.
2017 жылғы тамыз айының нәтижелері бойынша қазақстандық кәсіпорындардың конвейерлерінен 1 893 бірлік автокөлік құралы түсірілген (2016 жылғы ұқсас аймен салыстырғанда 2,8 есе өскен).
Оған қоса, отандық көлік зауыттарының өз өнімін өткізуі жыл басынан бері 11 367 бірлікке жеткен, бұл өткен жылғы мәннен 59% жоғары. Қазавтопром кәсіпорындарының нарықтық үлесі өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі 24%-ға қарсы 37,3%-ға дейін өскен.
Есепті кезең қорытындылары бойынша 1 187 автомобиль (10% салалық өткізу) Қытай, Ресей, Беларусь және Тәжікстанға экспортқа жіберілген. Ағымдағы жылғы қаңтар-тамыз аралығындағы кезеңде 935 автомобильді жеңілдікті автонесие мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар сатып алған. Олардың үлесі жергілікті жерде шығарылған жеңіл автомобильдер сатылымының 10,3%-ын құрайды.
Бұдан бөлек, сегіз ай қорытындысы бойынша сала кәсіпорындарының республиканың ЖІӨ құрылымына үлесі 91,5 млрд теңгені (бір жыл бұрын болған көрсеткішке +36,8%) құрағанын айта кету керек, бұл фармацевтика және жеңіл өнеркәсіп саласының ұқсас сандарынан едәуір асады. Автопром кәсіпорындарының негізгі капиталға инвестициялары 2017 жылғы қаңтар-тамыз қорытындылары бойынша 3,5 млрд теңгеге жеткен.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша