- Басты
- Жаңалықтар
- «Рухани жаңғыру»: Қазақстан өңірлері Ақтөбе облысының тәжірибесін үйренуде
«Рухани жаңғыру»: Қазақстан өңірлері Ақтөбе облысының тәжірибесін үйренуде
Жұмыс бағдарламасы барысында делегация «Туған жер» республикалық форумының ашылуына қатысады. Мұндай шара Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр және Ақтөбе облысының 21 елден келетін 300-ден астам табысты тумасын жинайды.
Өңірлер мен орталық мемлекеттік органдардың өкілдері Ақтөбеде екі күн бойы жұмыс істейтін болады.
Олар «Туған жерге тағзым» акциясы аясында салынып жатқан «Жұбановтар әлемі» мұражай үйінің құрылысы барысымен танысады деп күтілуде. Мұнда Ғазиза, Ахмет, Құдайберген Жұбановтардың жеке мұрағатынан алынған әдеби және музыкалық туындылары сақталады.
Делегация сондай-ақ, «Денсаулық саябағында» да болады. Демалыс саябағын салу - облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасы және ол медициналық қоғамнан белсенді қолдау тапқан. Саябақ аумағында 1500-нан аса ағаш пен бұталар отырғызылып, турник алаңдары, веложол, футбол алаңдары, үстел теннисі, субұрқақ орнатылған. Ағаштардың дені алыс-жақын шетелден келген қонақтардың, отандық медицина саласының үздіктері, белгілі адамдардың қолымен отырғызылыпты.
Бұдан өзге, қонақтар ҚР Президенті кубогына арналған дзюдодан халықаралық турнирдің ашылуына қатысып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жоба кеңсесінің жұмысымен танысады. Олардың назарына «Қазақстанның жүз жаңа тұлғасы» арнайы жобасының көрмелері, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» композициялары және т.б. ұсынылады.
Сонымен қатар, өңірде «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы шеңберінде жүргізіліп жатқан «Рухани жаңғыру», «Жүз жаңа оқу құралы» кабинеттерінің қызметі, латын әріпіне ауысуға байланысты түсіндірме жұмыстары таныстырылмақ.
Республикалық семинар-кеңесте «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың өзекті мәселелері талқыланатын болады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді