- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада өткен фотокөрмеде Кореяның қалыптасуы таныстырылды (ФОТО)
Астанада өткен фотокөрмеде Кореяның қалыптасуы таныстырылды (ФОТО)


Көрмені Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Ким Дэ Сик салтанатты түрде ашты.
«Корея бейнелері» көрмесі Кореяның өмір сүру салтымен таныстырады. Әр түрлі фотографтардың осы жерде ұсынылған жұмыстары мен қызметі арқылы Сіздер Кореямен тағы бір рет тереңірек танысатындарыңызға сенемін. Қазақ және корея халқы рухы мен мәдениеті жағынан жақын халықтар. Қазақстан корея халқы үшін Орталық Азиядағы ірі әріптес ретінде берік орын алды», - деді өз сөзінде Корея елшісі.


Көрмеде өз туындыларында ел мен халықтың бейнесін көрсеткен жеті фотографтың 123 жұмысы ұсынылған. Мұнда 1970 жылдан бастьап бүгінгі күнге дейінгі ел бейнесі сипатталады. Ұйымдастырушылардың пікірінше, әрбір фотосурет әрбір автордың жеке тақырыбын көрсетеді.


Алғаш рет көрме 2016 жылы Венгрияда Ференц Хопп атындағы Азия өнері музейінде сәтті өтіп, Германия, Польша, Бельгия және Испанияда өтіп үлгерген.


Көрменің ашылуына ұсынылған фотожұмыстардың авторлары Кан Унгу және Ли Гапчоль қатысты.
Көрмені Корея Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің Корея мәдени орталығы ҚР Ұлттық музейімен бірлесіп ұйымдастырғанын айта кеткен жөн.


"Корея бейнелері" көрмесі 18 қазанға дейін созылады.


Еске сала кетейік, астанада сондай-ақ Корея-Қазақстан достық бағының ашылуы өткен болатын. Бұл Кореяның басты қақпаларынан, шіркеу мұнарасынан, отырғызылған ағаштардан тұратын бұрышы.
Ақбота Күзекбай
Фото Азамат Әлиев
-
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал өткен жылдың жаз айларындағы жағдайға ұқсас -
Шолу: 2020 жылы өткен әлем елдеріндегі парламент сайлауы -
Елордада «Ұлы дала құндылықтарының» концепциясы таныстырылды -
Қазақстан полициясындағы реформалар: өткені мен бүгіні -
Медиа-қоғамдастыққа журналистерді аккредиттеудің жаңа ережелерінің жобасы таныстырылды -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды -
Президенттік жастар кадрлық резерві. Конкурстан өткен жас мамандар қайда қызмет етіп жүр -
Мәжіліс депутаты: Індет әрбір отбасын айналып өткен жоқ -
Қазақстанда өткен тәулікте 1604 адам коронавирус жұқтырды -
М.Әшімбаев: Парламент өткен сессияда 98 заң қабылдады
-
Қазақстанда өткен тәулікте 520 адам коронавирус жұқтырды -
Өткен жылыту маусымында 34 энергия кәсіпорны әкімшілік жауапкершілікке тартылды -
Қоғам белсенділері астанадағы аудан әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалды