- Басты
- Жаңалықтар
- Елордада үздік мектеп анықталды (ВИДЕО)
Елордада үздік мектеп анықталды (ВИДЕО)
«№3 мектеп гимназия елордадағы ескі мектептердің бірі, оған 75 жыл толды. Біз өзіміздің 75-жылдығымызды Астана қаласы әкімінің құрметті белгісімен – грантымен атап өтіп отырғанымызға қуаныштымын. Бұл педагогикалық ұжымның есіл еңбегінің нәтижесі. Біздің балалар түрлі зияткерлік байқауларда, олимпида да көптен бері жүлделі орындардан көрініп келеді және де түрлі шығармашылық, спорттық байқауларда өз өнерлерін ортаға салуда. Біздің мектебіміздің атағы дүркіреп тұр десек болады, бізге көптеген ата-аналар балаларын көргісі келеді. Бізде екі үлкен бағыт бар – олар тілдер (ағылшын және француз) және информатика. Біздің балалар құлтеміртехнологиясымен белсенді айналысып келеді, республикалық байқауда бірінші орын алған, ендігі кезекте халықаралық байқауға дайындалуда. Менің ойымша бұл біздің еңбегіміздің жемісі және бұдан да биік белестерге жетеміз деген ойдамын», - деп бөлісті мектеп директоры.
Елена Шеверняеваның айтуынша, елорданың басқа мектептірінің арасында әкімнің грантын жеңіп алу оңайға соққан жоқ.
«Бүгін байқаудың қорытындысы бойынша комиссияның отырысы өтті. Онда мектептің материалдық базасынан, ҰБТ нәтижелері, ұстаздар құрамы, мектептің жабдықталуына дейін бағаланды. Кім көп ұпай жинайды солар әкімнің грантын алады. Біз бұл қаржыға музыкалық студияға қажетті техниканы, 3D-принтер, спорттық құрал жабдықтар сатып алдық. Енді балаларымыз сабақтан бос кезде фонаграмма жаза алады немесе денсаулықтарын нығайта алады. Балалар мектепте болуы керек, себебі онда олардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру үшін барынша жағдай жасалады. Менің ойымша ұстазға көңіл толмайтын жағдайлар соншалықты көп емес, ал қалған ұстаздар оған назар аудармай жұмыс істеуде», - деді Е. Шеверняева.
Атап өтер болсақ, мектепте 1700 оқушы білім алуда. Ол аралас мектеп болып табылады, яғни балалар қазақ және орыс тілінде білім алады.
«Ағымдағы жылы 6 «Алтын белгі» шығарылды, талапкерлердің 61% Қазақстанның, таяу және алыс шетелдердің үздік оқу орындарында білім алуда. Жыл сайын біздің балалар Назарбаев Университетіне түсуде», - деп атап өтті мектеп директоры.
Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласының әкімдігі білім беру жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мейрамының құрметіне елорданың үздік білім беру мекемесін марапаттады.
Ақбота Күзекбай
Видео Азамат Әлиев
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары