- Басты
- Жаңалықтар
- Астана әкімдігі үздік білім беру мекемелерін марапаттады (ФОТО)
Астана әкімдігі үздік білім беру мекемелерін марапаттады (ФОТО)
Астана қаласының әкімі Әсет Исекешовтың атынан елордалық мұғалімдерді әкімнің орынбасары Малика Бектурова құттықтады.

«Біз жыл сайын елордалық мектептерге қаржы бөлуді арттырып келеміз, мысалы, 2017 жылы өткен жылмен салыстырғанда әр мектепке екі есе көп қаржы бөлінді. Ағымдағы жылы шамамен барлық мектептерде, яғни 74-76 мектепте құлтеміртехникасы сабағы басталды. Сонымен қатар, келер жылдың соңына дейін барлық мектептер SMART мектептер болады, олардың барлығы келер жылдыңсоңына дейін барлық қажетті технологиялармен, WI-FI-мен жабдықталады. Бұл ақпараттық технологиялар саласында алдыңғы қатарда болуға мүмкіндік береді. Барлық ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын», - деді М. Бектурова.
Дәстүр бойынша әкімнің арнайы гранттарымен келесі номинациялар бойынша мектептер марапатталды: «Үздік мектеп» - №3 мектеп-гимназиясы, «Үздік мектепке дейінгі білім беру мекемесі» - №37 «Арман» балабақшасы, Үздік қосымша білім беру ұйымы – «Балалар сурет мектебі», «Үздік колледж» - «Гуманитарлық колледж» МҚКК, «Үздік арнайы ұйым» - «№1тпсихологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» МҚКК.

Шара аясында білім беру мен баланы тәрбиелеу саласында жетістіктерге қол жеткізген педагогтар ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы. Алтынсарин» және «Қазақстан Республикасының құрметті білім қызметкері» құрметті төс белгілерімен марапатталды.

Марапаттау рәсімі мерекелік концертпен жалғасып жатты.

Атап өтер болсақ, бүгінде Астана қаласының білім беру саласында 15 мыңға жуық педагог қызмет етеді, оның 87%-дан астам бөлігі жоғары білімді мамандар.
Ақбота Күзекбай
Фото Азамат Әлиев
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
Білім беру гранттарын тағайындау: Қандай құжаттар қажет