- Басты
- Жаңалықтар
- Ресейлік мемқызметшілер Қазақстанда біліктілігін арттыруда
Ресейлік мемқызметшілер Қазақстанда біліктілігін арттыруда
Ведомствода хабарлағандай, семинарға Ресей Федерациясының әр түрлі өңірлерінен 30 мемлекеттік қызметші – министрліктердің қызметкерлері, басқарламалар мен департаменттердің басшылары және басшыларының орынбасарлары қатысып жатыр.
Семинар мемлекеттік органдарға қазіргі басқарушылық технологияларды енгізу үшін қажетті кәсіби дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.
Қатысушылар семинар барысында әкімшілік реформаларадың негізгі бағыттарымен және Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің басқарушы корпусы институтын қалыптастыру және жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының тәжірибесімен танысады.
Семинар бағдарламасын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары А.А. Шаимова ашты, ол семинар тыңдаушыларына қазақстандық мемлекеттік қызметті дамытудың негізгі бағыттары туралы баяндады.
Екінші сессияда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ф.Н. Жакыпова мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру тақырыбында сөз қозғады.
Спикерлер ретінде сонымен қатар, Ұлттық экономика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері, Академияның профессорлық құрамы сөз сөйлейтін болады.
Семинар 2017 жылғы қыркүйектің 24-нен бастап 30-на дейін жалғасады.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады