• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сағынтаев РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесу өткізді

Б.Сағынтаев РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесу өткізді

27 Қыркүйек, 2017 15:56
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының Орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесті.

Кездесу барысында ғарыш саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды, соның ішінде «Байқоңыр» кешені бойынша өтетін Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының алдағы отырысының күн тәртібі қаралды.

 «Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысы осы жылдың соңына дейін өткізіледі.

Барлық жаңалықтар