- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Қазақстан - Корея достығының бағы» ашылды
Астанада «Қазақстан - Корея достығының бағы» ашылды
Астана әкімдігі хабарлағандай, «Қазақстан - Корея достығы бағы» жобасы Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен Корея Республикасының Президентінің 2014 жылғы сапары кезінде келісілген әріптестік жобасы болып табылады. Корея үкіметі саябағының құрылысына 1,7 млн. доллар инвестицияланды.
«Қазақстан- Корея достығы бағы» саябағы – бұл "Арай" саябағымен шектесетін рекрециялық аймақ, онда Кореяның ұлттық колоритін сәулеттік кеңістіктің құрылымының нәтижесінде сезінуге болады. Саябақтың басты атрибуты «Достық қоңырауханасы» болып табылады. Кореяда жылдың басы және аяғы қоңыраулардың соғылуымен жалғасады. Сәулеттік құрылыс екі ел арасындағы достықты білдіреді. Саябаққа келушілер айнадай тоған, гүлзар, корей халқының дәстүрлі сәулетін көре алады. Сондай-ақ, корей орманы бейнеленген орман шаруашылығы бағын көруге болады. Жаңа көрікті жер Астананың Арай және Жауқазын көшелері (Шұбар мешіті ауданы) бойынша орналасқан.
Салтанаттың аяқталуында Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Ким Дэсик мырза екі халық арасындағы достықтың жаңа символы туралы өзі шығарған өлеңін оқыды. Құрметті қонақтар бақ аумағына Кореяның ұлттық гүлі - гибискусты отырғызды.
Ашылу салтанатына Астана әкімі Әсет Исекешев, ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев, Қазақстан Республикасындағы Корея елшісі Ким Дэсик, ҚР Парламент депутаттары, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік органдардың мүшелері, этномәдени бірлестіктер, жастар ҮЕҰ және т.б. қатысты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды