- Басты
- Жаңалықтар
- Ж.Әубәкірова: Біздің негізгі рөл – бүкіл әлемде мәдениетті насихаттау (ВИДЕО)
Ж.Әубәкірова: Біздің негізгі рөл – бүкіл әлемде мәдениетті насихаттау (ВИДЕО)
«Белгілі болғандай, Президент әкімшілігінің бастамасы аясында әкімдер, министрлер, ұлттық оқу орындарының ректорлары үлкен демокриятияландыру, ашықтық, жариялылық үшін халықпен есепті кездесу өткізу керек. Ағымдағы жылы кездесуді мені барлығы танитын Алматы да емес елордада өткізуді жөн санадым», - деп атап өтті Ж. Әубәкірова.

Кездесуде келушілердің назарына фортепиана өнері және Жания Әубәкірованың әртістік қызметіне, шығармашылығының 30-жылдығына арналған деректі фильм ұсынылды.
«Біздің негізгі рөліміз ағартушылық, бұл – Қазақстанда және әлемде мәдениетті таратуға арналған. Себебі Қазақстанда трендтер, мысалы, Президент жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бар. Осының барлығы біздің кәсіби қызметімізбен байланысты миссия», - деп толықтырды ол.
Жания Әубәкірова өзі басқарып отырған консерваторияның жоспарымен бөлісті.
«Біздің студенттер, 150 адам Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармонияда өнер көрсетеді. Олардың барлығы түрлі музыканы ойнайды. Бір күн өткен соң үлкен орган фестивалі басталады. Оған студенттер мен педагогтар қатысатын болады. Қазақстанда осыншама көп органшылар бар екенін ешкім білмейді. Мен өзім Афина мен Венаға кетіп барамын. Біздің хор Венгрияға гастрольмен бара жатыр. Алматыда пианистердің үлкен халықаралық конкурсы күтілуде, ол әлем бойынша талантты пианистердің басын қосады», - деді ол.
Ж. Әубәкірова хабарлағандай, оның шығармашылығының 30-жылдығына арналған әлемдік турне ұйымдастырылады.
Бұған дейін, Назарбаев Университеті Хадиша Даирова шығармашылық қызметте екі оқу орны бірлесіп жұмыс істейтіні туралы хабарлады.
Ақбота Күзекбай
Видео Азамат Әлиев
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
COVID-19: Әлемде жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны артты -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы