- Басты
- Жаңалықтар
- Дүниежүзілік банк қаржыландырудың жаңа бағдарламасын бастауды жоспарлауда
Дүниежүзілік банк қаржыландырудың жаңа бағдарламасын бастауды жоспарлауда
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өңір басшысы Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіру бойынша облыста шағын кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау және жаңадан жұмысын бастаған бизнес субъектілерінің бастамаларына қаржылық қолдау көрсету шаралары бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Біздің облыс Қазақстандағы халқы тығыз орналасқан аграрлы аймақ. Еліміздегі әр бесінші сәби осы өңірде дүниеге келеді. Оңтүстік Қазақстан облысы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы бойынша облыстар арасында бірінші орында келеді. Сонымен қатар облысымыз білім беру мен денсаулық сақтау мекемелер саны жағынан да алда. Ал бұл салада атқарылар жұмыста аз емес. Сондықтан Дүниежүзілік банкпен алдағы уақытта да тұрақты жұмыс істеуге әзірміз, - деді әкім.
Оңтүстік Қазақстанға үш күндік жұмыс сапарымен келген мәртебелі мейман өңірде атқарылып жатқан ілкімді істермен танысып шыққанын айтып, Шымкент қаласын аралау кезінде оның қарқынды дамып келе жатқанына көз жеткізгенін айтты.
«Биыл Дүниежүзілік банк пен Қазақстанның әріптес атанғанына 25 жыл толып отыр. Осы датаны атап өтіп, қаржыландыру бағдарламасының кезекті бес жылдығын қорытындылаймыз. Алдағы уақытта қаржыландырудың жаңа бағдарламасын бастауды жоспарлап отырмыз», - деп қосты Ато Браун.
Кездесу соңында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі А.Браунға сәттілік пен табыс тіледі.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру