- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда әскерге баруға ниет білдірушілердің саны өскен (ВИДЕО, ФОТО)
Қазақстанда әскерге баруға ниет білдірушілердің саны өскен (ВИДЕО, ФОТО)
«Біздің жастарымыз патриоттық рухта тәрбиеленген, бізде әскери-патриоттық іс-шаралардың өткізілуі жыл сайын өсіп келеді. Жастар негізінен өздері келеді. Егер статистиканы салыстыратын болсақ, әскери қызметке 2013 жылы 800 адам шақырылса, 3,5 жыл өткен соң 1600 адам шақырылуда. Бұл өте жақсы көрсеткіш», - деп атап өтті Ғ. Артықов.

Полковник әскерге баруға өз еркімен ниет білдірушілердің саны қазіргі уақытта қазақстандық әскерде жасалған жақсы жағдайлар мен перспективаға байланысты екенін атап өтті.
«Жастар әскери қызметке өз еркімен баруға дайын, яғни олар қарулы күштер қатарында және басқа да әскери құрамаларда қызмет етуді алға қояды. Екіншіден, әскери қызметті аяқтағаннан кейін олар қандай да бір бөлімде келісімшарт бойынша әскери қызметке түсу мүмкіндігіне ие болады. Үшіншіден, әскери қызмет болашақтағы өмірге тәрбиелейді. 2006 жылдан бастап әскерде қызмет ету 12 айды құрайды, бұл бір жыл ғана, сондықтан бұрын болған казармалық тәртіпсіздіктердің барлығы өткенде қалды. Қазақстанның 25 жыл ішіндегі дамуы, ҚР ҚК дамуы өз нәтижесін беруде. Қазір барлық әскери бөлімдерде тәртіп бар, барлық жерде онлайн-режимде камералар орнатылған», - деді Ғ. Артықов.
Сондай-ақ ол әскери қызметке барғысы келмейтін жастардың да жоқ емес екені туралы айтып берді.
«Астана – үлкен мегаполис. Мұнда келген азаматтардың кейбір бөлігі тұрғылықты жері бойынша уақтылы есепке тұрмайды, тіркелмейді, сәйкесінше, әскери есепке де алынбайды. Алайда, бұл жұмыс жергілікті полиция қызметімен, көші-қон полициясымен бірлесіп жүргізіліп жатыр. Көктемгі әскерге шақыруда біз әскери есепке алынбаған 280 адамды анықтадық. Қазіргі уақытта қала бойынша 300-400-ге жуық адам іздестірілуде», - деп қорытындылады Ғ. Артықов.




Қайрат Жандыбаев
Фото және видео Азамат Әлиев
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша