- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Сауд Арабиясымен қылмыскерлерді өзара ұстап беру туралы келісті
Қазақстан Сауд Арабиясымен қылмыскерлерді өзара ұстап беру туралы келісті
Келісімге 2006 жылдың 25 қазанында Эр –Рияд қаласында Елбасының Сауд Арабиясына барған ресми сапарында қол қойылды.
«Келісімде оларды ұстап беру және бас тарту негіздемелері қарастырылған. Тараптар өздерінің аумағындағы ұстап беруге әкеп соғатын қылмыстар үшін екінші тараптың аумағында күдік келтірілетін, айыпталатын немесе сотталған кез келген адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту мен сот үкімін орындау мақсаттарында ұстап беруге міндеттенеді. Атап айтқанда келісімде қылмыстық қудалау тұрғысында ұстап беру немесе одан бас тартудың негіздемелері қарастырылған», - деді А.Лукин.
Оның айтуынша, қазіргі кезде Қазақстанның сот төрелігінен Сауд Арабиясы аумағында жасырынып жүрген адамдар жоқ, сондай-ақ аталған елдің Қазақстан аумағында да іздестіріп жатқан адамдар анықталмады.
«Келісім алдын алу сипатына ие екенін ескере отырып, бұл құжат болашақта екі елдің қылмыстылықпен күрес саласындағы тиімді ынтымақтастығына жақсы құқықтық негіз жасайды», - деді Лукин.
Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан алыс шетелдік елдермен екіжақты 18 келісімді бекітті.
«ТМД аясында көпжақты конвенция күшіне енген, яғни Минск және Кишинев құжаттары бар.Таяу арада осы тектес халықаралық келісімдерге Бразилиямен, Иорданиямен, Македониямен, Грекиямен және Португалиямен қол қоюды жоспарлап отырмыз. «Халықаралық келісімдер» туралы заңының 11 бабына сәйкес, келісім ратификациялануға жатады, себебі азаматтардың бостандығы мен ққығына тікелей байланысты болып отыр. Заң жобасының қабылдануы, теріс әлеуметтік, экономикалық, саяси мағынаға ие емес және бюджет қаржысына тиесілі емес», - деді Бас прокурордың орынбасары А.Лукин.
Сондай-ақ, ол 2017 жылы 9,5 млн теңге бөлінгенен, қосымша шығын жұмсалмайтынын айтып өтті.
«Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын депутаттар қолдады.
Айта кетейік, Андрей Лукин ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарына "Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заң жобасын түсіндірген болатын. Атап айтқанда, құжатта сотталған адамдарды бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын одан әрі өз отанында өтеу үшін екі мемлекет арасында ауыстыру мүмкіндігімен байланысты мәселелер реттеледі.
Ақбота Күзекбай
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді