- Басты
- Жаңалықтар
- АХҚО әлемдік экономикада маңызды буын болады – Р.Ошақбаев
АХҚО әлемдік экономикада маңызды буын болады – Р.Ошақбаев
«Ағылшын құқығына негізделген «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстанға әлемдік экономикада маңызды буын болуға мүмкіндік береді. Орталық Азия аймағының дамуына серпіліс берген аталмыш орталық еліміздің ұзақмерзімді жобаларын шетелдік қаржы орталықтарымен жүзеге асырады», - деді Р. Ошақбаев.
Ол атап өткендей, ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық банкінің АХҚО құру және дамыту бірлескен жоспарын жүзеге асыру нәтижесінде 2025 жылға дейін жалпы сыртқы көмірсутексіз өнім жылына 1%-ға дейін артады. Бұл нәтиже Дубай халықаралық қаржы орталығының құрудағы алғашқы 10 жылдағы нәтижеге жақын немесе 2015 пен 2025 жылдар аралығында ЖІӨ абсолютті жиынтығының өсімі 13,4 млрд долларға жуық болды.
«Бұл фактіні есепке ала отыра бүгінде 2017 жылдың үшінші тоқсаны жүріп жатыр, ал АХҚО 2018 жылдан бастап жұмыс істей бастайды. ЖІӨ өсімі 2025 жылға дейін жылына 1,7 млрд долларға өсу керек деген меже қойылуы тиіс. Ал, Орталықты құрғаннан кейін ЖІӨ өсімінің жиынтық тиімділігі 2015 пен 2025 жылдар аралығында 40 млрд долларға жуық шамада болуы тиіс. Оның ішінде 12,1 млрд доллар АХҚО-ның Қазақстанның ЖІӨ қосқан тікелей үлесі болуы тиіс. ЖІӨ-ге шамамен 8 млрд доллар Кавказ республикалары, Орталық Азия, ЕАЭО, Таяу Шығыс пен Еуропа елдеріне қызмет көрсету арқылы салым есебінен қосылады деп күтілуде», - деп хабарлады директор.
Оның айтуынша, АХҚО дамыту бойынша жоспардың табыстылығы ҚР Үкіметіне, Астана қаласының әкімдігі мен ҚР Ұлттық банкіне жүктелген. Аталмыш органдар жоспарды жүзеге асыруға және орталыққа қолдау көрсетуге атсалысуы керек. Осы ретте, АХҚО жауыптылар қатарында көрсетілмеген.
Өз ойын қорытындылаған Рахым Ошақбаев, АХҚО ислам мен «жасыл» қаржының аймақтық хабына айналатынын мәлімдеді. Экологиялық бағыт бойынша жұмыс ЕДҚҚБ-мен -мен бірлесіп жүзеге асырылуда. 2018 жылдан бастап 300 млн доллар көлемінде мемлекеттік жеке «сукук» құнды қағаздарды шығару мәселесі қаралуда.
Қайрат Жандыбаев
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды