- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жер»: Қостанай облысында жыл соңына дейін 60 үй пайдалануға беріледі
«Нұрлы жер»: Қостанай облысында жыл соңына дейін 60 үй пайдалануға беріледі
Облыс әкімдігі хабарлағандай, «Нұрлы жер» бағдарламасының жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға арналған пилоттық бағытының аясында мемлекет салымшыларға тиесілі 10 сотық жерді ғана беріп қоймай, сол жер телімінде жеке тұрғын үй салуға да көмектесті. Коттедждер Қостанайдың жанындағы Заречный кенті "Солтүстік" шағын ауданында орналасқан. Барлығы да шетелдік үлгіде бірыңғай стильде салынған.
Алғашқы болып үй алған қуаныш иелерін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова құттықтап, баспана кілтін тапсырды.
«Бұл қолға алынып жатқан игі істердің барлығы Елбасы саясатының арқасында өрісін кеңге жайып жатыр. Сондықтан алға қойған мақсаттарымызға жетіп келеміз. Соның жарқын бір дәлелі, осы ауданда 30 үйдің құрылысы басталды. Алдағы уақытта бәрі жоспарлы түрде жүзеге аспақ», - деді облыс әкімі.
Жалпы жыл соңына дейін Қостанай облысында тағы 60 үй пайдалануға беріледі. Келесі жылы коттедж қалашығының құрылысы жалғасады. Жалпы алғанда бұл аумақта 270 нысан бой көтереді деп жоспарланып отыр.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді