• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен БАӘ ауыл шаруашылығы саласын дамытуда ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен БАӘ ауыл шаруашылығы саласын дамытуда ынтымақтастықты нығайтады

27 Қыркүйек, 2017 10:57
ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мохаммад Ахмад Альджабероммен кездесті.

АШМ хабарлағандай,  Қазақстан мен БАӘ көп жылдан бері ауыл шаруашылығы саласында бірлесе жұмыс атқарып келе жатқанын айта кеткеніміз жөн.

Кездесу барысында Қазақстаннан БАӘ тасымалданатын ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде қой еті экспорты көлемін арттыру талқыланды.

Вице-Премьер А. Мырзахметов Қазақстаннан БАӘ тасымалданатын ауыл шаруашылығы тауарының көлемін арттыру үшін нақты жоспар жасау керектігін атап өте отырып, Қазақстанға инвестор тарту мәселесін талқылады.

 

Барлық жаңалықтар