- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО көрмесі кезінде Ақмола облысына 10 мың шетелдік турист келген
ЭКСПО көрмесі кезінде Ақмола облысына 10 мың шетелдік турист келген
Ақмола облысында демалу және туризм индустриясы экономиканың басым салаларының бірі болып табылады. Туристік кластерге 800-ден астам кәсіпорын, 68 туристік фирма, «Көкшетау», «Бурабай», «Буйратау» үш мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының «Бурабай даму» ЖШС кіреді.
«Соңғы үш жыл ішінде көрсетілген қызметтер мен жұмыстардың жалпы көлемі 12,0 миллиард теңгеге жуық құрады. Туризм индустриясы кәсіпорындарынан мемлекеттік бюджетке 4,0 миллиард теңге түсті. Орналастыру орындарының саны 40%-ға өсті», - деді Ақмола облысы туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырханов.
Ресейлік компаниялармен бірлесіп, Щучье көлінде, «Rixos Borovoe» қонақ үйінің аумағында жаңа ойын-сауық кешені іске қосылды.
Бұдан бөлек, спикер Щучье көлінің жағалауында «Burabay Marine Club» яхт-клубы ашылғанын да атап өтті.
Спикердің айтуынша, Ақмола облысының туристік кластерін дамыту және туристердің объектілерге қолжетімділігін кеңейту мақсатында, тарихи-мәдени мұра объектілеріне апаратын автомобиль жолдарын жөндеу және қайта жаңарту, автомобиль, әуе және теміржол қатынасы желісін кеңейту жүргізілуде, бұрын басталған жобаларды іске асыру жалғасуда, Астана - Қорғалжын автожолын жөндеу және қайта жаңарту басталды.
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының Үкіметі Ильичевка, Одесское, Бидайық БӨБ арқылы «Омск - Бурабай» жолын қалпына келтіру мәселесін қарастыруда.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті