Ақмола облысында ҰҚКД бөлімінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді

9 Қаңтар, 2014 17:20
Ақмола облысында ҰҚКД бөлімінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Бурабай ауданы Щучинск қаласында Комитет төрағасы Нұртай Абықаевтың қатысуымен ҰҚК департаменті аудандық бөлімінің жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті.

«Бүгінде облыстағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Оған ҰҚКД мен құқық қорғау қызметкерлерінің ерен еңбегі себеп. Биылғы жылы халықтың көп қоныстанған аудандарының бірі Целиноград ауданындағы департамент бөлімінің де ғимараты салынбақ. Қазіргі таңда онда шамамен 100 мың халық бар. Жоспар бойнша жыл соңына дейін пайдалануға берілмек», - дейді облыс әкімі Қосман Айтмұхамбетов.

Оның айтуынша, ҰҚКД бөлімі ғимараты жақын жердері үш ауданға қызмет көрсетеді.

«Мемлекет басшысы елорда маңайындағы Ақмола облысының Щучинскі-Бурабай демалыс жерінің дамуына баса мән береді. Мұнда республикалық және халықаралық форумдар өткізіледі. Бұл жерге мемлекет басшылары, халықаралық ұйым басшылары келіп, маңызды әлеуметтік бағдарламаларды қабылдайды. Сол себепті бұл өңір біздің назарымыздан тыс қалмақ емес», - деді комитет төрағасы.

Барлық жаңалықтар