• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада ҚР қысқы чемпионатында Қазақстанның үздік спортшылары теннистен күш сынасады

Астанада ҚР қысқы чемпионатында Қазақстанның үздік спортшылары теннистен күш сынасады

9 Қаңтар, 2014 17:15
«Дәулет» спорт комбинатында теннистен Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты жалауын көтерді. Бұл туралы елоданың ресм порталы хабарлады.

«Жарыстың алдын ала қорытындысы бойынша ерлер арасында Денис Евсеев Илья Павленконы 6:0, 6:1 есебімен жеңіп, келесі айналымға шықты. Евгений Данилов та Сұлтан Кеңестен басым түсті. Есеп 7:5, 6:3», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, Сағадат Аяп, Жансұлтан Чемботаев, Қайсар Бекімов, Қуатбек Әбиев, Тимур Хабибулин, Богдан Валиев, Константин Баранов, Роман Хасанов, Глеб Карболин және Дмитрий Попко да бірінші айналымда жақсы нәтижелер көрсетті.

Әйелдер арасында бірінші айналымда Екатерина Клюева Ғайни Ибрашеваны 6:0, 6:2 есебімен жеңді. Анжелика Семьянова Жібек Құламбаеваға есе жіберді. Зарина Жумажанова мен Лилия Хакімованың арасындағы кездесуде 6:1, 6:2 есебімен Зарина көш бастады. Айя Оспанова Гүлназ Дөкейден 6:3, 6:1 есебімен, ал Полина Голопутова Томирис Қошмұхановадан 7:6(8), 6:1 есебімен ұтылды.

Сондай-ақ, Анастасия Епишева, Екатерина Сагитова, Адделаида Ахвердиева, Александра Гринчишина, Анастасия Гордеева, Гозаль Айнитдинова, Жанел Тұрарбек те екінші айналымға жолдама алды.

Еске салайық, теннистен ҚР қысқы чемпионаты «Дәулет» СК 11 қаңтарға дейін жалғасады.

 

Барлық жаңалықтар