- Басты
- Жаңалықтар
- ЕЭК Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйыммен өзара іс-қимыл жасайды
ЕЭК Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйыммен өзара іс-қимыл жасайды
ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі алқа мүшесі (министр) Валерий Корешков пен Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның (ИСО) бас хатшысы Серхио Мухиканың кездесуі барысында ынтымақтастықты кеңейтуге және саудадағы кедергілерді алуға бағытталатын меморандум дайындау туралы келісім жасалды.
ЕЭК хабарлағандай, кездесу Берлинде ИСО бас ассамблеясының отырысы аясында өтті. Қатысушылар әлемдегі және Еуразиядағы стандарттаудың болашағын, оның өңірлік деңгейдегі дамуын талқылады. Экономиканың жоғары технологиялық салаларындағы стандарттауды дамытумен байланысты анағұрлым перспективалы бағыттарға ерекше көңіл бөлінді.
«Саудадағы техникалық кедергілерді алу үшін үздік халықаралық талаптар мен практиканы қолдану қажет. Осыған орай, біз стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдармен ынтымақтастықты қарастырудамыз», - деп атап өтті Валерий Корешков.
ЕЭК делегациясы стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді.
ЕЭК мәліметі бойынша Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым халықаралық стандарттарды әзірлеу мен жариялауды жүзеге асырады.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: Ұстаз мәселесін шешудегі рөлі қандай -
Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба қандай нәтиже береді -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Тауарларды мемлекеттік стандарттау жүйесі: өнімдерге сертификат алу тәртібі, «халал» белгісін алу -
Қазақстандық әнші халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында бақ сынауда -
Ұлттық жоспар - 2025 және халықаралық тәжірибе -
Шағын және орта бизнес: халықаралық және ішкі ахуал -
22 халықаралық IT-компания Astana Hub қатысушысы атанды