- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық оқушылар жеке электрондық кабинетке ие болады
Қазақстандық оқушылар жеке электрондық кабинетке ие болады
«Электрондық күнделіктерді тұтастай пайдалануды қамтамасыз ету маңызды. Осының барлығы үшін жоғары жылдамдықты интернет керек. Ол қағаз есебінен кетіп, толықтай цифрландыруға көшуге жол салады. Әрбір оқушыда «жеке кабинеті» болуы керек. Онда балабақшадан бастап PhD деңгейіне дейінгі барлық ақпарат болады. Барлық олимпиадалар мен портфолио жұмыстары сақталады», - деді Е.Сағадиев.
Оның айтуынша, республика бойынша 6 956 мектеп немесе 98% желіге қосылған, алайда секундына 4 мегабитпен кең жолақты интернетке тек 34%-ы қосылған.
«Соңғы екі жылда аталған көрсеткіш 9%-ға ұлғайтылған. Сондықтан да осы жобаны іске асыру білім беру жүйесін дамыту үшін маңызды демеу болады. Бүгінде Қазақстан мектептерінің басым бөлігіне цифрлық оқыту ресурстары қолжетімді — бұл 80 мыңнан астам материал, олардың ішінде үш тілде интерактивті және мультимедиялық сабақтар, видеолар бар. Олар оқыту процесін толықтыратын материалдар, әсіресе шағын жинақты мектептер үшін өте қажет», - деді министр.
Сондай-ақ, ведомство басшысы биыл жоғарыжылдамдықты интернетті қамтамасыз етуге бөлінген қаржы жергілікті бюджеттерге трансфер арқылы берілді. Алайда, жергілікті атқарушы органдармен сатып алу мәселесін талқылай келе БҒМ бұл әдісті тиімді деп таппады.
«Біріншіден, жергілікті атқарушы органдар бірыңғай техникалық қызмет көрсету саясаты қамтамасыз етілмеген: әртүрлі жылдамдық, әртүрлі қызмет көрсету», - деді ведомство басшысы.
Екіншіден, сатып алу біркелкі жүзеге асырылып жатқан жоқ, кей облыстар 2017 жылы желіге қосылуды жүзеге асырмады.
«Бұл желіге қосылуды сапасыз етеді. Сондықтан, 2018 жылы интернетке қосылу үрдісін орталықтандыру жұмысымен ақпарат және коммуникация министрлігі айналысуы керек деп ойлаймыз», - деді Е.Сағадиев.
Айта кетейік, PhD – докторлық білім беру бағдарламасын тәмамдап, докторлық диссертация жазған тұлғаларға берілетін білім деңгейі.
Қайрат Жандыбаев
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет