- Басты
- Жаңалықтар
- Криптовалюта: мұндай қаржы құралының перспективалары қандай
Криптовалюта: мұндай қаржы құралының перспективалары қандай
«FinTech компонентін әзірлеу аясында АХҚО жаһандық криптовалюталық экономика мен blockchain технологиясын мұқият зерттеді. Қазіргі уақытта AFSA криптовалюталар үшін тиімді, қауіпсіз және инновациялық нормативтік базаны қамтамасыз ету үшін криптовалюталардың құқықтық мәртебесін, компанияларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ криптовалюталармен айналысатын криптоайырбастау және қаржы мекемелеріне қойылатын нормаивтік талаптарды айқындайтын тиісті заңнама енгізу туралы мәселені қарауда», - деді С. Глинн.
Оның мәліметі бойынша, қазіргі уақытта нарықта 900-ге дейінгі криптовалюта (криптовалюталық активтер) қолжетімді. Оған қоса, ICO стартаптар үшін қаражат жинаудың басым нысанына айналды.
«FinTech дәстүрлі банк жүйелерін бұзады. Реттеу рөлі жаңа қаржы технологияларын жасауды елемеу емес, қаржылық көрсетілетін қызметтер, соның ішінде қаржы технологиялары дамитын қауіпсіз орта құру болып табылады. Қазіргі уақытта AFSA қаржы технологиялары саласындағы шешімдерді реттеу үшін өз саясаты мен құрылымын әзірлеуде. AFSA жасаған регламент сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғауға да қатысты болады», - деп атап өтті С. Глинн.
Сондай-ақ ол еліміздің қаржы және капитал нарықтарын дамыту тұрақты экономиканың дамуы үшін негізгі мәнге ие екенін атап өтті.
«Қаржы нарықтарының мақсаты – адамдар мен мекемелер үшін артық қаражатты жұмылдыру және оларды экономиканың өндірістік арналарына инвестиция үшін бөлу. Капитал нарықтарының мақсаты – дәстүрлі банк және қаржы қызметтерінен тыс инвестиция мен қаржыландырудың баламалы көздерін ұсыну», - деп түсіндірді AFSA басшысы.
С. Глинн атап өткендей, AFSA-ның Қазақстандағы қаржы нарықтары мен капитал нарықтарын дамытудағы рөлі бизнеске жәрдемдесудің негізгі міндеті болып табылады.
«AFSA өз мақсаттарына бірнеше тәсілмен қол жеткізеді. Біріншіден, сенімді, түсінікті құқықтық базаны қамтамасыз ету. Екіншіден, қаржы қызметтерін ұсынуға қатысуға ниет білдіретін адамдарды тексеру. Үшіншіден, қаржы нарықтары мен капитал нарықтарына қатысушылардың іс-әрекеттерін тұрақты бақылау және мониторингілеу», - деді ол.
Оның айтуынша, AFSA-ның рөлі тиісті шаралар қабылдау, соның ішінде санкциялар салу немесе рұқсаттардың күшін жою арқылы стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуде.
«Қазіргі уақытта Қазақстанда капитал нарықтары, ислам қаржылары сияқты құрылымдар даму үстінде және арнайы құқықтық және нормативтік режим, сондай-ақ еңбек және салық салудың арнайы режимдері ашық капитал нарығының дамуына, активтерді басқаруға және т.б. ықпал етеді деп күтіледі», - деп қорытындылады С. Глинн.
Қайрат Жандыбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар