Ақмола облысында астық жинау науқаны аяқталды

26 Қыркүйек, 2017 13:31
Ақмола облысында республиканың солтүстік өңірлерінің біріншілігінде астық жинау кампаниясын аяқтады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыста  4,3 млн  га жерге астық егілген болатын. 11,85 ц/га  өнімділікте  5 млн тонна астық бастырылды. Биыл  сапалы астық жиналды. Жиналған астықтың  88 пайызы  3 санатқа тиесілі.

Айта кетерлігі, өңірде  көкөніс пен   майлы дақылдарды жинау  бұқаралық  түрде жүзеге асырылуда.

 

Барлық жаңалықтар