- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада энергетиканы реттеуші әлемдік көшбасшылар тәжірибе алмасу үшін кездесті
Астанада энергетиканы реттеуші әлемдік көшбасшылар тәжірибе алмасу үшін кездесті
Ұлттық экономика министрлігі хабарлағандай, конференцияның жұмысы ағымдағы жылғы 26 қыркүйекке дейін жалғасады. Конференцияға Еуропа, АҚШ, Сауд Арабиясы, Түркияның 12 елінен өкілдер қатысты.
Конференцияның спикерлері ЭРРА-ның төрағасы - Мярт ОТС (Эстонияның Бәсекелестік жөніндегі агенттігінің бас директоры); Аттила НИКОШ - ЭРРА төрағасының орынбасары, Венгрияның Энергетика және коммуналдық қызметтерді реттеу басқармасы халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президенті; Аль-Шехри, Ұлы Мәртебелі Абдулла - губернатор, Электр энергетикасын реттеу және когенерация агенттігі, Сауд Арабиясы және т.б.).
Іс-шараға қатысушыларды құттықтай келе Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин ЭРРА төралқасы Астана қаласын Конференцияны өткізу орны ретінде бірауыздан мақұлдағанын атап өтті, бұл табысты дамуды және Үкіметтің энергетика саласына жұмсаған күш-жігерінің іске асырылғанын тану болып табылады.
«Біздің еліміз түрлі бағыттардағы үздік әлемдік тәжірибені зерделеуге, халықаралық стандарттарды өз практикасына имплементациялауға және заңнаманы жетілдіруге мүдделі.» – деп тұжырымдады С.М. Жұманғарин.
Тұтастай алғанда Конференцияда Қазақстандағы энергетика саласының қазіргі мәртебесін, газ нарықтарының перспективаларын және олардың бәсекеге қабілеттілігін, климаттың өзгеруі саласында мақсаттарға қол жеткізуде энергияның жаңартылатын көздерінің рөлін, сондай-ақ энергия нарықтарын реттеу мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.
Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Азамат Майтиев электрмен және газбен жабдықтау салаларында тарифтер мен бағаларды ұлттық реттеудің тәжірибесі туралы әңгімеледі. Қазақстанда энергетика саласындағы табиғи монополия аясының реттелетінін таныстыра отырып, А.Б. Майтиев жүргізіліп жатқан тарифтік саясаттың негізгі мақсаты негізгі активтерді жаңарту және жаңғырту, ысыраптарды азайту және ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру үшін магистральдық және тарату газ құбырлары арқылы электр энергиясын беру және газ тасымалдау салаларына инвестициялар тарту болып табылатынын атап өтті.
Конференция барлық қатысушыларға энергетика саласындағы реттеудің, сондай-ақ энергетиканы реттеудің мемлекеттік жүйесін жетілдірудің және ғылыми зерттеулер мен практикалық білім деңгейін арттырудың өзекті мәселелерін талқылауға тамаша мүмкіндік берді.
ЭРРА – Энергетиканы реттеу органдарының өңірлік қауымдастығы бірінші кезекте Еуропа, Азия, Африка, Орталық Шығыс және АҚШ елдерінің энергетиканы реттеудің тәуелсіз органдарын біріктіретін ерікті ұйым болып табылады.
Қазақстан Республикасы 2000 жылдан бастап Энергетиканы реттеу органдары өңірлік қауымдастығының тұрақты мүшесі болып табылады. Ынтымақтастық шеңберінде энергетиканы реттеудің мемлекеттік жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша ЭРРА-ның құрамына кіретін елдермен ақпарат және тәжірибе алмасу жұмысы тұрақты негізде жүзеге асырылады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды