- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік бюджетке түсімдер 102,2%-ға орындалды
Мемлекеттік бюджетке түсімдер 102,2%-ға орындалды
«Мемлекет тарапынан бизнесті қолдауға бағытталған салықтық әкімшілендіруді жетілдіру.Бизнес Комитеттің құрылымдық қызметтеріне оң баға берді (79%).Түсімдер бойынша болжамдалған маңызды мақсаттарға қол жеткізту – бұл салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту бойынша қабылданған шаралардың нәтижелері. Салықтық бақылаудың тиімділігі - 100%-ке өсті», - деді А.Қыпшақов.
Бүгінгі күнде мемлекеттік кірістер органы 29 салық қызметін, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы баламалы негізде – 21 қызметті электрондық түрде ұсынуда.
«2017 жылғы 8 айдың қортындысы бойынша мемлекеттік кірістер органы барлығы 12,5 млн. қызметтерді ұсынды.10 жыл бойы қанағаттанарлық деңгейін айқындауға, салық төлеушілерде кездесетін проблемалық кедергілерді анықтау үшін салық төлеушілермен тәуелсіз сауалнамалар жүргізілуде», - деді ол.
Мәселен, егер 2007 жылы бизнестің қанағаттанарлық деңгейі - 41% болса, 2016 жылы бұл көрсеткіш - 79%-ға жетті. Ұқсас жағдайлар халық тарапынан да байқалады (2007 жылы – 51%, 2016 жылы – 84%).
2017 жылғы 1 мамырдан бастап ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою рәсімі оңайлатылды. Салық төлеушілерге электрондық түрде «Салық төлеуші кабинеті» арқылы не «Электрондық үкімет» порталы арқылы салықтық өтініш беруге мүмкіндіктер берілді.
««Электрондық шот-фактура» жүйесін енгізу шеңберінде айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. 2017 жылғы 1 қыркүйекке 142 мыңнан астам ЭШФ пайдаланушылар тіркелген, олармен 17 трлн.теңге сомасында 54 млн. электрондық шот-фактура жазып берілген. Электрондық шот-фактураның ақпараттық жүйесінің жұмыс жасауы жалған кәсіпкерлер қызметін пайдалана отырып салықтарды төлеуден жалтарудың қолданыстағы схемасын нақты болдырмауда» - деді ол.
2016 жылы салық төлеушілерге қолайлы болу үшін екінші деңгейлі банктер «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы салық және кедендік төлемдерді төлеу туралы ақпараттарды онлайн беру механизмін қолданысқа енгізді. Бұл мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесіне жүргізілген төлемдер туралы ақпараттарды беру мерзімін 2 жұмыс күнінен бірнеше минутқа дейін қысқартуға мүмкіндіктер береді.
Тексеруге тәсілдерді қайта қарау шеңберінде оларды түрлендіру мақсатында 8 айдың қорытындысы бойынша салықтық тексерулердің саны өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 37,9%-ке қысқарды.
Мемлекеттік кірістер органдарының жұмысын халықаралық рейтинг агенттігі мен Дүниежүзілік банк жоғары бағалағаны көрініп отыр.
Мемлекеттік кірістер комитеті автоматтандыру бойынша жаңаша әдістердің барлығын әзірлеуде және әріптестермен: Дүниежүзілік Банкпен, ЮНКТАД БҰҰ, Дүниежүзілік кеден ұйымымен, Азия даму банкімен және басқалармен ынтымақтастық шеңберлерде енгізілуде.
Қайрат Жандыбаев
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
31 мамыр: Саяси құрбандарды ақтау, мемлекеттік комиссия жұмысы және әлеуметтік төлемдер -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
Бюджетке енгізілген өзгерістер: Қаражат қандай бағыттарға жұмсалмақ