- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда қаңтардан бастап «Постфактум» кедендік тазарту режимі енгізіледі
Қазақстанда қаңтардан бастап «Постфактум» кедендік тазарту режимі енгізіледі
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа ЕАЭО Кеден кодексінің ережелерін есепке ала отырып әзірленіп жатқанын атап өту қажет.
«Постфактум» кедендік тазарту режімін енгізу. СЭҚ қатысушылардың жекелеген санаттарына тауарларды декларацияларды бергенге дейін тауарларды шығаруға мүмкіндік беру. Ішінара орындалды.
Орындалу мерзімі: Еуразиялық экономикалық одағының Кеден кодексі туралы шарт күшіне енуімен бірге (2018 жылғы 1 қаңтар).
Аталған қадам шеңберінде тауарларды тізімін, сонымен қатар:
- кеден аумағында өңдеу, еркін қойма, еркін кеден аймағы кедендік рәсімдерге орналастырылған тауарларға;
-инвестициялық преференциялар көзделген тауарларға;
- уәкілетті экономикалық операторлар мәртебесіндегі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тізбесі қатысты кедендік декларацияны ұсынғанға дейін тауарларды шығару мүмкіндігі бөлігіндегі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар санаттарының тізбесін кеңейту жоспарланған еді.
Осыған байланысты, тиісті түзетулер ЕАЭО Кедендік кодексінде көрінісін тапты. Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одағына мүше-мемлекеттерде аталған құжатты ратификациялау рәсімі басталды.
ЕАЭО Кеден кодексінің ережелерін орындау мақсатында ұлттық заңнамада «Постфактум» кедендік тазарту режимінің ережесін нақтылайтын «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы әзірленуде (40-қадам).
Кодекс жобасын әзірлеу мерзімі мынадай:
2017 жылғы шілде – Әділет министрлігіне және Үкіметке енгізу;
2017 жылғы тамыз – Парламент Мәжілісіне енгізу.
Ұлттық кеден кодексінің және ЕАЭО Кеден кодексінің жобасы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап бір уақытта күшіне енеді деп күтілуде.
Тауарлар тізбесін кеңейту және СЭҚҚ жекелеген санаттарына кедендік декларацияны бергенге дейін тауарды шығару мүмкіндігін ұсыну нәтижесінде кедендік тазарту рәсімін оңайлатады, бұл өз кезегінде Қазақстанның халықаралық рейтингтегі позициясына оң әсер етеді.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады