- Басты
- Жаңалықтар
- АХҚО қаржы қызметтерін кім реттейді
АХҚО қаржы қызметтерін кім реттейді
«AFSA - Астана халықаралық қаржы орталығы ұсынатын барлық қаржылық және қосымша көрсетілетін қызметтерді интеграцияланған реттеуші. AFSA құнды қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымы (IOSCO), Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитеті (Basel), экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (OECD), қаржы іс-шаралары жөніндегі нысаналы топ (FATF), ислам қаржы институттарының бухгалтерлік есепке алу және аудит ұйымы (AAOIFI), қаржы қызметтері жөніндегі ислам кеңесі (IFSB), қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары жөніндегі кеңес, сондай-ақ аудит және дұрыстықты растау халықаралық стандарттары жөніндегі кеңес (IAASB) сияқты халықаралық реттеуші органдар әзірлеген халықаралық реттеу стандарттарына негізделген, бизнесті жүргізудің реттеуіші мен пруденциалды нормасы болып табылады», - деп түсіндірді С. Глинн.
Ол AFSA негізгі миссиясы нормативтік-құқықтық базаны және инвесторлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отыра, қаржылық қызметтерді реттеу болып табылатынын атап өтті.
«AFSA миссиясы мен құндылықтары нормативтік-құқықтық базаны қамтамасыз етіп және әділ әрі қауіпсіз орта құра отырып, қаржылық қызметтердің құрметті реттеуішіне айналу. АХҚО миссиясы – қаржы нарықтары мен капитал нарықтары әділ әрі ашық болып табылатын, ал жекелеген адамдар мен мекемелер адал жұмыс істейтін нормативтік-құқықтық ортаны қамтамасыз ету», - деді С. Глинн.
Оның айтуынша, AFSA – қаржылық және қосымша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді реттейтін АХҚО тәуелсіз қаржы реттеуіші. AFSA қаржылық қызметтердің кең спектрін үйлестіретін болады, атап айтқанда, жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару, активтерді басқару және қызмет көрсету, құнды қағаздар, капитал нарықтары, сақтандыру, жаңа қаржы технологиялары.
«Жоғарыда айтылған қаржылық қызметтерді ұсынатын фирмалардың типтері инвестициялық айырбастарды, клирингтік палаталарды, банктерді, брокерлерді, дилерлерді, ұжымдық инвестициялық қорларды, ислам қаржы мекемелерін, брокерлік сақтандыру компанияларын, инвестициялық қорлар мен FinTech компанияларын қамтиды», - деп қосты AFSA басшысы.
Бұдан бөлек, ол AFSA қосымша көрсетілетін қызметтерді лицензиялап, реттейтінін де атап өтті.
«Сондай-ақ, AFSA АХҚО корпоративтік реттеуіші болады. AFSA-ның міндеттері Австралиялық құнды қағаздар және инвестициялар комиссиясының міндеттеріне ұқсас болып келеді. ASIC қарағанда, AFSA міндеттері пруденциалды реттеуге қатысты да таралады», - деді С. Глинн.
Бұдан бөлек, AFSA принциптер мен тәуекелдерге негізделген реттеуші болады.
«Мысалы, уәкілетті тұлғалар адалдықтың жоғары стандарттарын сақтауға, кәсіптік әрекет етуге, өз клиенттерінің мүдделеріне тиісінше көңіл бөлуге және ашық болуға, реттеушімен ынтымақтастық жасауға міндетті. Тәуекел негізінде реттеу AFSA өз ресурстарын тұтынушылар, қаржылық қызметтер индустриясы, нарықтар мен AFSA үшін ең үлкен тәуекел туғызатын қызмет түрлері үшін ғана қолданады», - деп түсіндірді С. Глинн.
Қайрат Жандыбаев
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту