- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында атақты батырдың мемориалды кешені аумағында мұражайы бар қонақ үй ашылды
Ақтөбе облысында атақты батырдың мемориалды кешені аумағында мұражайы бар қонақ үй ашылды
«Алға ауданы Бестамақ ауылына жақын жерде Атақты Есет батырдың бейіті орналасқан. Республиканың түкпір-түкпірінен батыр бабаның ұрпақтары оның басына келіп Құран оқиды», - делінген хабарламада.
Ағылып келетін халықтың көптігі мемориалды кешенде қонақ үй салуға түрткі болды. Алайда уақыт өте келе ескі қонақ үй келетін кісілерге тарлық ете бастады. Сол себепті Ақтөбе облысының басшылығы тарапынан кешенді кеңейту туралы шешім қабылданды. Бес ай ішінде қонақ үй мен асхана ғимараты салынды. Жаңа нысандардың ашылуына өңір басшысы Архимед Мұхамбетов қатысты.
«Батыр бабамыздың сүйегі қойылған жер қазіргі ұрпақтары үшін тарихи орын болып саналады. Мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен адамдар келеді. Оларға біз барлық жағдайды жасауға күш салатын боламыз», - дейді облыс әкімі.
А.Мұхамбетов 180 орындық асхана, намазхана, демалыс бөлмесі, мұражай орналасқан нысандарды аралады. Қонақ үй кешені өзінің жылыту қазандығына ие. Барлық керекті инженерлік инфрақұрылымдар: су жүйесі, көгілдір отын желісі мен кәріз жүйелері қарастырылған. Бөлмелерде салқындатқыш орнатылған.
Жалпы, ғимарат құрылысына «Мәдени мұра» бағдарламасы және демеушілік қаражаттардан 140 млн теңге жұмсалған.
Естеріңізге сала кетейік, Есет батыр Көкіұлы – қазақ халқының аты аңызға айналған батырларының бірі. Оның аты тарихта үш жүздің басын біріктіріп отаршылдық саясатқа қарсы қазақ халқының егемендігі жолында күрескен қайраткер ретінде есте қалды.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек