- Басты
- Жаңалықтар
- Мақтарал ауданында 1439 отбасы «Өрлеу» жобасының тиімділігін көріп отыр
Мақтарал ауданында 1439 отбасы «Өрлеу» жобасының тиімділігін көріп отыр
Нәтижесінде 1439 отбасы, яғни 15493 адам өз кәсіптерін ашып, тірлігін дөңгелетіп отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникация орталығы ұйымдастырған пресс тур барысында Мақтарал ауданының әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков мәлім етті.
«Өрлеу» бағдарламасының тиімділігін көрген көпбалалы ананың бірі - Шынар Саттарова мемлекеттен 450 мың теңге демеу қаржы алып, Жетісай қаласынан дәмхана ашыпты. Қазір мұнда 5 адам жұмыспен қамтылған.
«Мемлекеттің «Өрлеу» жобасын қолға алғаны біз секілді көпбалалы аналарға мол мүмкіндік беріп отыр. Мен өз басым осы жобаны пайдаланып, кәсіп ашуға бел будым. Әзірге нәтижесі жаман емес. Халыққа сапалы қызмет көрсетіп, алғашқы табыстарымызды көре бастадық», - дейді "Қанат" дәмханасының басшысы Шынар Саттарова.
Мұнан соң БАҚ өкілдері Мақтарал ауданы Ш.Ділдәбеков ауылдық округі Бірлік ауылына атбасын бұрып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Туған жер» бағдарламасы аясында ашылған "Жастар" спорт кешенінің жұмысымен танысты.
С.Қожанов мектебінің базасында орналасқан кешеннің қайта құрылымдау жұмыстарын осы ауылдың тумасы кәсіпкер Абыз Алипов өз қаржысына жүргізіпті. Мұнда ауыл жастары бір уақытта спорттың волейбол, баскетбол, футбол түрлерімен айналыса алады. Алдағы уақытта кәсіпкер осы ауылдан су спорты кешенін салып беруді жоспарлап отыр екен.
Бұдан бөлек, Абыз Алипов "Бірлік" ауылының кіреберісіне қақпа тұрғызып, ауылдағы баспанасыз жүрген жағдайы төмен отбасыға құны 5 миллион теңгелік жаңа баспана салып беріпті.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
«Ашық» жобасының iске асырылуы -
Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады