- Басты
- Жаңалықтар
- Аягөзде 50 жас отбасы пәтерге ие болды
Аягөзде 50 жас отбасы пәтерге ие болды
Мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген отбасылық жатақханың құрылысы өткен жылы басталған еді. Араға салған аз уақытта қаланың жас ұстаздары, дәрігерлері мен мәдениет және спорт саласының қызметкерлері жеке баспаналарына қол жеткізді. Айта кету керек, жалдамалы тұрғын үй бес жылға дейін беріледі. Ал құрылысқа жұмсалған 300 млн.теңге жергілікті қазынадан бөлінген.
«Жаңа пәтер – бақытты күндердің бастауы. Біздің тамаша еліміз, кең-байтақ жеріміз бар. Осы жылдар қазақ еліне, қазақстандықтарға алтын заман болатын кез. Тарихқа алтын әріппен жазылатын біздің ұлы Президентіміз, тамаша халқымыз бар. Алтын заман туды, осыны білуіміз керек, құрметті жерлестер! Сіздердің бүгінгі қуанышпен шын жүректен құттықтаймын», – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Өз кезегінде жастар атынан сөз алған Әсем Нұрмұхаметова: «Бүгін екі бөлмелі пәтер алып, қуанып жатырмыз. Мұғаліммін. Бірнеше жыл пәтер жалдап тұрдық. Енді міне, мемлекетіміздің жастарды қолдауға арналған бағдарламасының жемісі көріп отырмыз. Көп рахмет!», - деп, алғысын жеткізді.
Сондай-ақ, бұл күні жергілікті әлеуметтік көмек көрсету орталығына облыс әкімі уәде еткен инвакөліктің кілті табыс етілді. Ол үшін жергілікті бюджеттен 10 миллион теңге бөлінген.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды