- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамыту бойынша 25 инвестжоба жүзеге асырылуда
Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамыту бойынша 25 инвестжоба жүзеге асырылуда
Облыс әкімдігі хабарлағандай, облыста биылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша құстардың саны 18,5% -ға (1558,6 мың), жылқы 7,1% -ға (120 мың), ешкі - 7%-ға (171,4 мың); ІҚМ 4,3% (465 мың бас); түйелер - 2% -ға (17,1 мың); қой - 1,4% (1160,9 мың) артқан.
Баяндамашы кезек күттірмейтін бірқатар проблемалық сұрақтарды айтып өтті. Олардың ішінде мал шаруашылығын дамыту деңгейінің төмендігі де бар. Сегіз айда өндірілген жалпы мал өнімдерінің айналымы 77,9 млрд. теңгені құрады.
Аймақ үшін ет пен сүтті өңдеудің азайып кетуі өзекті мәселеге айналып отыр. Ағымдағы жылдың жеті айының қорытындысы бойынша ет өнімдерін өңдеу көлемі 18% -ға немесе 2,1 мың тоннаға артты. Алайда, қайта өңдеу үлесі небәрі 36,4%-ды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Ақтөбе қаласы, Алға және Ырғыз аудандары көш бастап тұр. Сүт өңдеу көлемі 8,3% -ға немесе 4,7 мың тоннаға артты, қазіргі кезде шикізаттың тек 32,2% өңделеді.
Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсіптерінің толық жұмыс жасап тұрмағандығы байқалады. Облыста жалпы қуаттылығы жылына 21,5 мың тоннаны құрайтын 11 ет өңдейтін кәсіпорын бар, олардың орташа жүктемесі 61%, жұмыс істеп тұрған алты сүт өңдеу зауытының жүктемесі бар болғаны 18% ғана.
Жуырда өңірде мал шаруашылығын дамыту үшін жалпы құны 10,7 млрд теңгені құрайтын 23 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ, Оның 13-і сүт өңдеуге, 10-ы ет өңдеуге байланысты болмақ.
Айтарлықтай нәтиже бермей отырған мәселелердің қатарында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Ырыс» секілді мемлекеттік бағдарламалардың дұрыс игерілмеуі де аталды.
Аудан әкімдері мен ауылшаруашылық басқармасына талдау нәтижеслеріне сәйкес ет пен сүтті қайта өңдеу көлемін ұлғайту, инновациялық кәсіпорындарды ашу және бәсекеге қабілетті өнім өндіруде алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу, мал басын көбейту жөніндегі шараларды қабылдау ұсынылды.
Жиналысты қорытындылай келе, Бердібек Сапарбаев жақсы жем-шөп қорын дайындау, мал жаю алаңын ұлғайту және мемлекеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру арқылы мал шаруашылығын дамыту жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
«Мал шаруашылығы - экономиканы дамытудың негізгі бағыттарының бірі. Біз өзімізді өзіміз азық-түлікпен қамтамасыз етуіміз керек. Қолда бар әлеуетті пайдаланудың егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеу қажет. Бұл біздің басты міндетіміз », - деді облыс әкімі.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді