- Басты
- Жаңалықтар
- Еңбек министрлігі әлеуметтік саланы цифрландыруға көшті
Еңбек министрлігі әлеуметтік саланы цифрландыруға көшті
«Қазақстанда Әлеуметтік қызметкерлердің бірыңғай базасы жасақталатын болады. Онда әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігі, олар көрсететін қызмет түрлері, жұмыс нәтижесі сияқты ақпарат шоғырланады. Бірыңғай база арқылы әлеуметтік қызметтерді алушылар әлеуметтік қызметкерлерді таңдай алады. Сәйкесінше көрсеткіштері жақсы әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы да жоғарылайды. Әлеуметтік қызметкерлердің арасында бәсекелестіктің болуы сапаны көтеруге мүмкіндік береді», - деді Министр Тамара Дүйсенова.
Ведомство хабарлағандай, министрдің айтуынша, «Қызметтерді алушының жеке электронды карталары», «Жоспарлау», «Қызметтерді жеткізуші», «Келісімшартқа отыру», «Кадрлар», «Мониторинг» бағыттарын қамтитын әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту арқылы саланың ақпараттық қамтамасыз етілуі нығая түспек. Бірыңғай ақпараттық жүйенің эталондық базалары бар ақпараттық жүйелермен әрі орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара кіріктірілуі де көзделуде.
«Әлеуметтік қызметкерлердің әрқайсысында қызметті алушылардың дерегі электрондық нұсқада болса, қызмет түрі мен оны тұтыну сынды жайттарды анықтау да жеңілдей түсетіні анық. Мұндай өзгерістер арқылы әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігіне де талап күшейеді. Жүйенің ақпараттық қамтылуы мен әлеуметтік қызметкерлердің шеберлігін шыңдауы тәрізді мәселелер тұтас жүйенің жемісті жаңаруына оң септігін тигізетіні аян. Бүгінде Қазақстан Үкіметі қарастырып жатқан Цифрландыру бағдарламасында әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің өз орнын алатынына күмәнсіз сенемін. ЮНИСЕФ атынан Әлеуметтік қызмет көрсету саласын әрі қарай жаңғырту тұжырымдамасында көрініс тапқан жаңашылдықтарды толық қолдайтынымызды жеткізгім келеді. Осы орайда оны жүзеге асыруда шаралар жоспарын түзуге атсалысуға дайынбыз», - деді Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ өкілі Юрий Оксамитный.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды