- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда бас бостандығынан айырылғандарға электронды білезік ойлап табылды
Қазақстанда бас бостандығынан айырылғандарға электронды білезік ойлап табылды
Мәжілісте бас бостандығынан айырылғандарды бақылауға арналған электронды құралдар таныстырылды.
«Жыл сайын бақылауда 6 мың адам болады, бекітілген режимді бұзуға бағытталған кез келген әрекетті қызмет жұмыскерлері қадағалайды. Министрлік әзірлеген концессия жобасы қызығушылық танытатын органдармен қаралуда. Келесі жылдан бастап мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында жобаны жүзеге асыруға кірісеміз», - деді Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.
Айта кетейік, электронды құрал жүйесін қазақстандық «KazTechInnovations» компаниясы ойлап тапты. Жүйе білезік пен стационарлық бірегей станциядан тұрады. Бас бостандығынан айырылғандар оператормен хабарласа алады. Станцияда жаһандық ұстанымдарды қабылдайтын дабыл қабылдау құралы бар. Ол бойынша тұтқындалғанның жүрген орны ІІМ серверіне GPS арқылы келіп тұрады. Электронды білезік пішіні бойынша электронды сағаттардан ерекшеленеді. Мәселен, белдікшесі пластиктен жасалған, оны реттеуге болады, сондай-ақ, датчик орнатылған қорапша бар. Білезік аяққа да, қолға да тағыла береді. Жылу датчигі білезікті тек денеге тағуды қамтамасыз етеді. Білезікті шешуге не қайта бағдарламалауға болмайды. Құрал денеден алшақтағанды сезеді. Оны шешуге ұмтылғандар болса, тәртіпті бұзу туралы ақпарат мониторға шығады.
Қайрат Жандыбаев
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді