- Басты
- Жаңалықтар
- Беларусьте қазақстандық инвестициялардың қатысуымен 100-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді
Беларусьте қазақстандық инвестициялардың қатысуымен 100-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді
ҮАК отырысы барысында сауда, инвестициялар, өнеркәсіп кооперациясы, ауыл шаруашылығы, ғылым және технологиялар, көлік және логистика салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Асқар Мамин Қазақстан мен Беларусьтің Еуразиялық экономикалық одақтағы, посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық бірлестіктерге қатысуы секілді барлық деңгейдегі мемлекетаралық байланыстарының табысты жүргізіліп келе жатқандығын атап өтті.
Тараптар алғашқы жеті айдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь арасындағы сауда айналымының артқандығын ерекше атап өтті. Мәселен, 2017 жылғы қаңтар-шілде аралығындағы сауда айналымы $313,7 млн құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 75,6% өскендігі байқалды.
«2020 жылдарға қарай екі ел арасындағы сауда айналымын 1 млрд АҚШ долларына жеткізуіміз керек», — деп атап өтті А. Мамин.
ҮАК қазақстандық тарабының теңтөрағасы А. Маминнің айтуынша, Қазақстан мен Беларусь мемлекеттерінің өнеркәсіп кооперациясы, көлік-логистикалық секторда, ғарыш саласында, агроөнеркәсіп кешенінде, мәдени- гуманитарлық және ғылыми-техникалық салаларда бірлескен жобаларды табысты жүзеге асыруға әлеуеті жеткілікті.
Тараптар Қазақстан мен Беларусь арасындағы көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мен шығаратын өнімдердің түрлерін көбейтіп, аудандастырудағы екі жаққа да тиімді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ықылас танытты.
«Соңғы жылдары өңіраралық ынтымақтастықта тұрақты қарқын байқалады», — деді В. Матюшевский.
Бүгінгі таңда Беларусьте қазақстандық инвестициялардың қатысуымен 100-ден астам кәсіпорын қызмет ететінін, Беларусь тарабы инвестициялық жобалар мен өзара тиімді инвестицияларды одан әрі жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенін жеткізді.
Тараптар мал және өсімдік шаруашылығы, мелиорация және жерді суландыру секілді салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін, ынтымақтастықтың келешекті бағыттары бойынша бірлескен жұмыс тобын құру мүмкіндігін қарастырды.
Бұдан өзге, қазақстандық компаниялардың ауыл шаруашылығы өнімдерін Беларуське, ал Беларусь өнімдерін Қазақстанға жеткізу мәселелері талқыланды.
Биыл қарашада Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Беларусь Сауда-өнеркәсіптік палатасы арасында Қазақстан-Беларусь Іскерлік кеңесін құру жөніндегі келісімге қол қою жоспарланып отыр.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Беларусь үкіметаралық комиссиясының 13-отырысының қорытындысы бойынша тиісті Хаттамаға қол қойылды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды