- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда Әлеуметтік регистр құрылады
Қазақстанда Әлеуметтік регистр құрылады
«Қызметтерді мұқтаж жанның өтініш беруін тосып отырмай-ақ, өзіміз анықтауға күш салуға бекініп отырмыз. Осы орайда жергілікті атқарушы органдар жыл сайын арнаулы әлеуметтік қызметтерге зәру азаматтарды немесе отбасыларды анықтау мақсатында тиісті салада қызмет көрсететін ұйымдар арасында байқау өткізетін болады», - деп түсіндірді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.
Жиналған дерек қорытындысы бойынша азаматтарға арналған Әлеуметтік регистр құрылатыны жоспарлануда. Онда арнаулы әлеуметтік қызмет алушылар және оларға әлеуметтік қызмет көрсету туралы толық ақпарат назарға ұсынылмақ.
Ол қызметтітұтынушылардың іс-қимыл қарқынының және құрамының өзгеруін ескере отырып, жүйелі түрде жаңартылып отырмақ. Регистрдегі дерек негізінде жергілікті атқарушы органдар арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті, оларды қаржыландырудың қажетті көлемін анықтайды және атаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді деп күтілуде.
«Әлеуметтік регистр орталық мемлекеттік органдардың және әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының ақпараттық жүйелерімен ықпалдастырылады. «Бір терезе» ұстанымы аясында әрі қызметті алуға өтініш беруді жеңілдету мақсатында, сондай-ақ, әлеуметтік және кәсіби оңалтудағы сабақтастықты қамтамасыз ету үшін азаматтардың атаулы әлеуметтік көмекті алуға қатысты өтініштері, шешім жобалары, еңбекпен қамтудағы жеке карталарды түзу жұмыстары Жұмыспен қамту орталықтарына жүктеледі», - деп мәлімдеді министр.
Осылайша, Еңбекмині өкілдерінің пікірінше, орталық атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері Жұмыспен қамту орталықтарының еңбекпен қамтудың жеке карталарын орындау жөніндегі ақпараты негізінде жұмыссыздық жайын анықтап, тіркей яки тіркеуден шығара алады.
Сонымен бірге, әлеуметтік көмектерді тағайындау, тоқтата тұру, қалпына келтіру қызметтеріне мүмкіндік беріледі.
Жаңғырту қадамдары ақпараттық жүйелердің дайындық деңгейіне қарай біртіндеп жүзеге аспақ.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері