- Басты
- Жаңалықтар
- Мақтаралдық шаруашылық жаңа 12 тракторға қол жеткізді
Мақтаралдық шаруашылық жаңа 12 тракторға қол жеткізді
ОҚО әкімдігі хабарлағандай, қол терім жұмыстарын жүргізген әр адам күнделікті 5-6 мың теңге тауып отыр. Биылдың өзінде кооператив 5740 гектарға мақта егіп, әр гектарынан 24-25 центнерден өнім алуда. Мақтаның алғашқы қол терім жұмыстарын қыздырып жатқан кооперативте бүгінде 100-ге жуық адам мезгілдік жұмыстарға жұмылдырылыпты. Терімшілерге мақтаның әр келісіне 25 теңгеден төленуде.
Жалпы саны 188 дана техникасы бар кооператив "Оңтүстік" аймақтық инвестициялық орталығынан 2016 жылы 25 миллион теңге, ал биыл 100 миллион теңге несие алыпты. Кооператив төрағасы бұл мүмкіндіктерге бір ауыздан бірігудің арқасында қол жеткізіп отырмыз дейді.
«2016 жылы Қазыбек би ауылдық округіндегі 794 шаруа қожалығы бір ауыздан бірігіп, кооператив құрдық. Сөйтіп, әр шаруақожалығына тиесілі жерлерді біріктірдік. Бірігудің арқасында биылдың өзінде лизингке су жаңа 12 трактор алдық. Жанар-жағармай мен тыңайтқыштарға да жеңілдетілген бағада қолжеткізіп отырмыз. Алдағы уақытта егістік көлемін ұлғайтып, табысымызды еселей түсеміз», - дейді кооператив төрағасы Мұрат Құрбанов.
2016 жылы құрылған кооперативтің 6832 гектар жері бар. Оның ішінде 5740 гектар мақта, 660 гектар бақша, 2 гектар көкөніс, 40 гектар жаңа жоңышқа, 150 гектар ескі жоңышқа, 229 гектар дәндік жүгері, 11 гектар сүрлемдік жүгері егілген.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді