- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да діни сауаттылық мәселелері талқыланды
ШҚО-да діни сауаттылық мәселелері талқыланды
Ведомствода хабарлағандай, кездесу қатысушылары радикализмге қарсы күрес жүргізуде мемлекеттік органдардың тиімді өзара байланысы, діни ұйымдардың кешендік шаралары туралы айтып өтті.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Ғалым Шойкиннің айтуынша, бүгінде қоғамдағы діни деңгейдің өскені байқалады.
«Бұл теріс радикалды идеологияның мүмкіндігін арттыра түседі. Меніңше, діни білім сәйкес тәрбие мен саяси сауаттылықпен сүйемелденуі керек. Елбасы өзінің Жолдауында көрсеткендей, қоғамда кез келген радикализмге нөлдік шыдамдылықты қалыптастыру керек», - деді сарапшы.
Семинар қатысушылары 2017-2020 жылдарға арналған дін саласының мемлекеттік саяси тұжырымдамасына ерекше назар аударды.
Мамандардың айтуынша, құжатта мемлекет пен дін қарым-қатынасына көзқарас пен мемлекеттің қоғам өміріндегі діннің қатысуына деген көзқарасы көрсетілген. Тұжырымдаманың негізгі нормалары ҚР Президенті Жолдауының басым мәселелерінің қатарында бар.
Сонымен қатар, жұмыс тобының мүшелері дәстүрлі емес дін ағымдарын ұстанатындармен жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет екендігін жеткізді. Аталмыш әдіс республиканың бірқатар өңірінде өзінің тиімділігін байқатты.
Жұмыс тобының делегация құрамына ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Дін істері жөніндегі халықаралық мәдениет және дін орталығы жұмысшылары мен сарапшы теологтар, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Дін саласы: «YZ CLUB» алаңы, «Жусан» операциясы және деструктивті діни ағымдар -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Мұнай-газ өндіру мәселелері -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері