- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда спортпен шұғылдану үшін барлық жағдай жасалған– ҚР Президенті
Қазақстанда спортпен шұғылдану үшін барлық жағдай жасалған– ҚР Президенті
Мемлекет басшысы клубтың спорт базасымен танысты. Онда бес футбол алаңы, спортшыларды толық бабына келтіруге арналған медициналық кешен мен жабдықтар бар.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы қаласындағы орталық стадионды жаңғырту тұжырымдамасы және мегаполисте жеңіл атлетика спортының инфрақұрылымын дамыту жоспары таныстырылды.
Елбасы «Қайрат» футбол клубының академиясында оқып жатқан жас спортшылармен әңгімелесіп, олардың спорттағы және оқудағы жетістіктері жөнінде сұрады.
«Елімізде спортпен шұғылдану үшін барлық жағдай жасалған. Қазақстан ең жоғары деңгейдегі халықаралық жарыстарда керемет нәтижелер көрсетуде. Бізде бокс, күрес, жүзу, жеңіл атлетика және спорттың басқа да түрлерінен олимпиада чемпиондары бар», – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлық өңірінде стадиондар кешенді қайта жөндеуден өткенін, мемлекет тарапынан футболды дамыту үшін жүйелі қолдау көрсетіліп жатқанын айтты.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы жас спортшыларға зор денсаулық тілеп, жарқын жеңістерге жетулеріне ниеттестік білдірді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады