- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Мәжіліс Төрағасы мен Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы елшісі екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
ҚР Мәжіліс Төрағасы мен Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы елшісі екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
«Кездесу барысында тараптар қос елдің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Пак Кын Хенің екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы айрықша үлестерін алға тарта отырып, Қазақстан мен Корея қарым-қатынасының стратегиялық маңызына назар аударды», - делінген хабарламада.
Одан әрі парламентаралық өзара іс-қимыл тақырыбы сөз болып, Нұрлан Нығматулин оның мемлекет басшыларының келісімдерін тиімді жүзеге асыруға ықпал ететінін атап айтты.
Өз кезегінде Пэк Чу Хён біздің еліміздің экономикалық қарқынын жоғары бағалады.
Қазақстан мен Корея арасындағы тауар айналымы өткен жылдың 9 айы ішінде 1 млрд. АҚШ долларын құрады. Бүгінгі күні біздің елімізде оңтүстіккореялық капиталдың қатысуымен 700 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.
Елшінің айтуынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында Қазақстан ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің жарқын үлгісі болып табылады. Бұл бүкіл әлемде өте жоғары бағаланады.
Нұрлан Нығматулин Кореялық тараптың Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, сондай-ақ, ядролық қарусыздану және таратпау жөніндегі форум жұмыстарына белсене қатысуы екі ел үшін де зор маңызға ие екендігін сеніммен жеткізді.
Кездесу барысында Мәжіліс Төрағасы Оңтүстік Кореяның халықаралық көрме өткізудегі өзіндік тәжірибесі мен табысын еске ала отырып, аталған елдің компания өкілдерін ЭКСПО -2017 көрмесінің дайындық жұмыстарына қатысуға шақырды.
Кездесу иелері екі ел қарым қатынасын, соның ішінде, парламентаралық байланыстарды одан әрі нығайтуға сенім білдірді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері