- Басты
- "Стратегия" пікірталас алаңы: Орталық Азияның орталық мәселелері (ТОЛЫҚ ВИДЕОНҰСҚА)
"Стратегия" пікірталас алаңы: Орталық Азияның орталық мәселелері (ТОЛЫҚ ВИДЕОНҰСҚА)

Сонымен, «Стратегия» пікірталас клубының кезекті отырысында алғаш болып сөз алған сарапшы, экономика ғылымдарының кандидаты Сапар Жұбаев ҚР Президентінің Орталық Азия елдерінің, бауырлас мемлекеттердің одағын құру туралы жасаған ұсынысы туралы кеңінен айтып берді.
«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1995-1996 жылдары Орталық Азия елдерінің, бауырлас мемлекеттердің «Ортазиялық экономикалық одағын» құру туралы ұсыныс жасады. Алайда, бұл ұсыныс сол кездегі жағдайға және сол елдердегі саясаттың алуан түрлілігіне байланысты аяқсыз қалды деуге болады. Әрине, Қазақстанның барлық көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы жақсы болды. Дегенменде бұл ұсыныс өз дәрежесінде қолдау таппай, Еуразиялық экономикалық одақ сынды бастамаларға ұласып кетті. Жалпы, қысқаша айтатын болсақ, бүгінде бұл бағыттағы байланыстарды дамытуға мүмкіндік жетерлік және осы бағытта жұмыстар жүргізіліпте жатыр», - деді Сапар Жұбаев.
Өз кезегінде, бағдарламаның екінші қонағы ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының аға ғылыми қызметекрі Қазыбек Майгельдинов Орталық Азияда саяси тұрғыда көптеген мәселелер шешілмеген баса айтты.
«Орталық Азияда экономикалық, сауда тұрғысында байланыс дамуда. Ал, саяси тұрғыда айтатын болсақ көптеген мәселелер шешілмеген. Олар: трансшекаралық су, шекараны белгілеу және Ауғанстаннан төңіп тұрған қауіп сынды мәселелер. Бүгінде Өзбекстандағы билік ауысқалы ол елдің сыртқы саясаты өзгерді. Бұл мемлекет бастады. Бұған дейін олар жабық саясатты ұстанған болатын», - деді сөз басында Қазыбек Майгельдинов.
Оның айтуынша, Орталық Азияда ең ірі мемлекеттер Қазақстан мен Өзбекстан. Осы екі ел арасындағы байланыс жақсаратын болса оның игілігін көреміз деген ойдамыз, деген пікірін сарапшы жасырмады.
«Өзбекстанның бұрынғы Президенті Ислам Кәрімовтың саясаты жабық саясат болды. Ол оны нақты жабық саясат ретінде жүргізді. Ол ЕАЭО-ға енуге ешқандай ниет білдірген жоқ. Ал, Өзбекстанның жаңа президенті Шавкат Мирзиеев ашық саясатты ұстанып отыр. Алайда Өзбекстанда билік транзиті әлі тұрақтанған жоқ. Себебі ол үшін бірнеше жыл керек, олар қайтадан жабық саясатқа келуі мүмкін. Саясаткерлер осындай қауіптің бар екенін жасырмайды. Дегенменде, Қазақстан мен Өзбекстанның арасындағы бүгінгі қарым-қатынасы өзге елдерге үлгі бола алатынын жасырмаймыз», - деп түйіндеді Қазыбек Майгельдинов.
Сондай-ақ, Қ.Майгельдинов Халықаралық көші-қон ұйымының болжамы бойынша Қазақстан мигранттар келуші мемлекет ретінде қалыптасып жатқанын айтты.
«Халықаралық көші-қон ұйымының болжамы бойынша Қазақстан мигранттар келуші елдер ретінде қалыптасып жатыр. Бүгінде Өзбекстаннан Қазақстанға бір миллионнан астам мигрант келеді. Алдағы уақытта Раесейде жағдай тұрақтамаса, олар мигранттар бойынша заңды күшейтуді тоқтатпаса бұл мигранттар Қазақстанға ағылады. Оған Тәжікстаннан Ресейге баратын мигранттарды қосыңыздар. Сондықтан да алдын алу шараларын бүгіннен бастау керек», - деді Қазыбек Майгельдинов.
Спикердің пайымынша, жұмыссыздық радикалды топтарға кіріп кетуге түрткі болуы бек мүмкін.
«Жұмыссыз жүрген адам түрлі діни ағымдарға, радикалды топтарға кіріп кетуі әбден мүмкін. Бұл өте үлкен қауіп. Сондықтан да еңбек мигранттары мәселесін саяси тұрғыда шешу керек. Ынтымақтастықты тек экономикалық тұрғыда ғана емес, саяси байланысты да нығайту керек», - деп түйіндеді сарапшы.
Өз кезегінде сарапшы, экономика ғылымдарының кандидаты Сапар Жұбаев Өзбекстан мен Қырғызстанның арасындағы мәселе жайлап шешімін тауып жатқанын айтты.
«Күні бүгінге дейін Өзбекстан Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстан ердерімен жабық саясат жүргізіп келді. Өзбекстан тек Қазақстанмен визасыз жұмыс істейді. Жалпы, Тәжікстандағы азаматтық соғыс Өзбекстанға өте кері әсер еткен болатын. Өзбекстанның «Ислам қозғалысы» деген күшті оппазициясы болатын, Өзбекстан билігінің аталмыш оппазицияның Тәжікстан мен Түрікменстан, Қырғызстан елдерінде бөлімшелері бар деген күдігі болатын, сондықтан билік олармен байланысты толығымен үзіп тастады», - деді сарапшы.
Сонымен қатар, ол Өзбекстанға келген жаңа президенттің саясаты аталмыш елдің алдында үлкен мүмкіндіктердің бетін ашып жатқанын тілге тиек етті.
«Күні бүгінге дейін Өзбекстанда Қамбар ата су қоймасы мәселесі шешілмей келген болатын. Енді, Өзбекстан мен Қырғызстан бір келісімге келіп отыр. Бұдан былай, Өзбекстан қыста Қырғызстанға электр энергиясын берсе, жазда Қырғызстан оларға су жіберетін болады. Осылайша екі ел арасындағы мәселе жайлап шешімін табуда. Жалпы, осы тұрғыда байланыстар одан ары дами түседі деген ойдамын»,- деп сарапшы оң болжам жасады.
Айта кетерлік жайт, бағдарламаның онлайн көрсетілімі Strategy2050.kz сайтында, агенттіктің Youtube-каналында және Facebook парақшасында жүріп жатыр.
Дәулетхан ЖИЕНҚҰЛОВ
-
ҚР ІІМ Бірінші жемқорлыққа қарсы медиа орталықпен бірігіп жұмыс істейді
Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні, ІІМ-де Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Бірінші жемқорлыққа қарсы медиа орталық» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Байғұловпен кездесті. Кездесу барысында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
09 Желтоқсан 2019, 17:33
-
Біздің мақсатымыз экологияның проблемалық мәселелерін шешу-Ә.Назарбаева
Қостанай облысында нан бағасын ұстап тұру үшін жергілікті бюджеттен қсымша қаржы бөлінді. Бұл туралы аталған облыстың биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз конференциясында Қостанай облысының әкімі Архимед Мухамбетов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
05 Желтоқсан 2019, 13:31
-
Инвесторлардың мәселелерін Бас прокуратура мен KAZAKH INVEST бірлесіп шешеді
Бас прокуратура мен «KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
05 Желтоқсан 2019, 12:38
-
Сенатор Ольга Перепечина ДСҰ мәселелері бойынша семинарға қатысты
Парламент Сенатының депутаты Ольга Перепечина «Көпжақты келіссөздер орталығы» дүниежүзілік экономикалық форумының Женева қаласындағы штаб-пәтері алаңында Дүниежүзілік сауда ұйымының мәселелері жөніндегі семинарға қатысты.
04 Желтоқсан 2019, 11:14
-
Сенаторлар банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері туралы заң жобасын қарады
Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджет, салық заңнамасын және теміржол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.
03 Желтоқсан 2019, 15:34
-
Еуропалық Одақ Орталық Азияны дамытуға арналған бағдарламаларды қаржыландырады
Нұр-Сұлтанда «Орталық Азиядағы өркендеу үшін кеңейтілген интеграция» тақырыбындағы аймақтық конференция барысында Еуропалық одақ жалпы сомасы 28 миллион еуро көлемінде қаржыландыратын Орталық Азиядағы сауда, заң үстемдігі, сондай-ақ инвестициялар мен өсуді қолдауға бағытталған үш жылдық бағдарламаларының ресми түрде іске қосты. Еуропалық Одақ ұйымдастырған екі күндік іс-шара Орталық Азияның бес мемлекеті арасындағы аймақтық интеграцияны және 2019 жылғы маусымда қабылданған Орталық Азия бойынша ЕО-ның жаңа стратегиясын ілгерілетуге бағытталған, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
28 Қараша 2019, 13:41
-
ҚР Тұңғыш Президенті: 3-бөлім. ҚК Орталық Комитетінің хатшысы
ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Strategy2050.kz АА Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жайында бірқатар материалдар легін әзірледі. 28 жыл бойы Қазақстан Президенті болған Н.Назарбаев 2019 жылғы 19 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқару туралы» № 887 Жарлыққа сәйкес, 2019 жылғы 20 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқаруды тоқтатты. Шолуымыздың үшінші бөлімі Елбасының кәсіби қызметіне арналады.
27 Қараша 2019, 09:19
-
Сенатта Қазақстан мен Түркия арасындағы Әскери ынтымақтастық мәселелері қаралды
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
19 Қараша 2019, 15:54
-
Сенатта дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелері қаралды
Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.
19 Қараша 2019, 14:59
-
Алматыда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды
Еліміздің ең ірі мегаполисінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Ұлттық экономика вице-министрлерінің, Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт министрліктерінің, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерінің қатысуымен мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
15 Қараша 2019, 13:00
-
Н. Нығматулин: Қаржы халықтың ең маңызды мәселелерін шешуге жұмсалуға тиіс
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулинннің төрағалығымен өтіп жатқан жалпы отырыста мемлекетіміздің әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелеріне қатысты заң жобасы бірінші оқылымда талқыланды.
06 Қараша 2019, 15:01
-
Сенатта су қауіпсіздігі мәселелері талқыланады
Сенат Спикері Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Парламент Сенаты Бюросының отырысы болды.
05 Қараша 2019, 10:00
-
Елордада міндетті әлеуметтік сақтандыруды дамыту мәселелері талқыланды
Қазақстанның астанасында «Халықты әлеуметтік қорғауды жаңғырту жағдайындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру» атты республикалық семинар өтті, онда қазақстандық сарапшылар мен әлеуметтік қызметкерлер Ресей, Грузия, Әзербайжан, Қырғызстан және Тәжікстандағы әріптестерімен бірлесіп әлеуметтік сақтандыруды дамыту перспективаларын талқылады.
01 Қараша 2019, 12:26
-
АХҚО Азияның жетекші төрелік институттарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды
Қазақстан АХҚО Халықаралық төрелік орталығының Төрағасы Барбара Доманн ханым Гонконгте және Қытайда дауларды шешу жөніндегі жетекші ұйымдармен ынтымақтастық туралы бес меморандумға қол қойды.
29 Қазан 2019, 11:14
-
Қызылордада менталдық бұзылыстары бар балаларға арналған орталық ашылды
Қызылордада аутизм мен сөйлеуді түзету орталығы өз жұмысын бастады. Орталықта психикалық ауытқулары бар және психикалық-сөйлеу дамуы тежелген, аутистік спектрі бұзылған балаларға білікті көмек көрсетіледі.
28 Қазан 2019, 11:44
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды