- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сапарбаев Болгарияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Б.Сапарбаев Болгарияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Кездесу барысында Ақтөбе облысы мен Болгария арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, болгариялық тарап туризм саласында өз тәжірибесімен бөлісуге дайындығын білдірді.
Облыс әкімі Қазақстан мен Болгария арасындағы ықыласты және достық қарым-қатынастың қалыптасқанын атап өтті. Бұл сыйластық қос мемлекет басшыларының арқасында, әсіресе, өңірлерде тұрақты дамып келеді.
«Қазақстанда 100-ден астам халық пен этникалық топ өкілдері тұрады. Мемлекет басшысының саясатына сәйкес біздер барлық азаматтарға ұлты мен дініне қарамастан тең жағдай жасап жатырмыз. Өз кезегімізде біз облысымызда тұратын болгар азаматтарына Президенттің саяси бағытын қолдайтындықтары үшін ризашылығымызды білдіреміз», - деді Б.Сапарбаев.
Өз кезегінде, Василий Петков сапарының маңыздылығын атап өтті.
«Мен үшін Ақтөбе облысына келген сапарым өте маңызды, себебі мұнда 1500 этникалық болгар өмір сүреді. Облыс басшылығына оларды қолдағаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Бұл Сіздің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлтаралық келісім саясатын нақты іс-әрекеттермен дәлелдеп отырғаныңыздың тағы бір айғағы», - деді В.Петков.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 5 мыңға жуық этникалық болгар болса, оның 1500-і Ақтөбе облысында тұрады. Айта кету керек, биыл болгар ұлтының Қазақстанға алғаш қоныстана бастағандарына 110 жыл толады.
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы -
Қазақстандағы эпидахуал: Елорда мен аймақтарда карантин шаралары күшейтілмек -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары -
Қазақстандағы эпидахуал: Коронавирус жұқтырғандар саны 1,6%-ға азайды -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Әлемдегі және Қазақстандағы электронды сауданың даму перспективалары -
Қазақстандағы эпидахуал: Вирус жұқтырғандар саны, вакциналау және «Ашық» қосымшасы -
ЮНФПА-ның Қазақстандағы құрметті елшісі тағайындалды -
Ғылыми-зерттеудің әлемдегі және Қазақстандағы тенденциясы -
Қазақстандағы COVID-19: қазіргі эпидахуал, вакцинация, жыл соңына дейінгі болжам