- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандағы алғашқы жоғары технологиялық имплант өндірісі Ақтөбеде іске қосылады
Қазақстандағы алғашқы жоғары технологиялық имплант өндірісі Ақтөбеде іске қосылады
Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, 2016 жылғы қыркүйекте облыс әкімдігі мен компания арасында бірегей жобаны жүзеге асыру бойынша серіктестікке қол қойылған болатын.
«Біз елбасы саясатының арқасында денсаулық сақтау жүйесінің қуатты қолдауын сезінеміз. Батыс өңірінің халқына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін облыста кардиохирургия, нейрохирургия, трансплантология, неонатальді хирургия және тағы басқалардағы диагностика мен емдеудің жоғары технологиялық әдістемелерінің түрлері мен көлемін кеңейтуге мүмкіндік беретін «Aktobe medical center» медициналық кластері құрылды. Аталмыш жұмыстың бағыттарының бірі - травмотология мен ортопедиядағы емдеудің инновациялық әдістемесін енгізу болып табылады. Жыл сайын жамбас пен тізе буындарын имплантациялау бойынша үш жүзден аса ота жасалады. Осыған байланысты, мен сіздермен бірлесіп шығарғалы тұрған медициналық мақсаттағы бұйымдарды сұранысқа ие болады деп ойлаймын», - деп атап өтті облыс әкімі.
Өз кезегінде «Медбиотех» ҒӨ ЖШБ бас директоры Владимир Горбатский жоба аясында жергілікті дәрігерлерді Белорусияның нейрохирургия және травматология саласындағы ірі ғылыми орталықтары жанынан тәжірибеден өткізіп, оқыту жоспарланғанын жеткізді.
«Ақтөбеге келген біз көптеген медииналық нысандардың салынып жатқанына, өңіріңіздегі денсаулық сақтау жүйесінде қаншама дүниелердің жасалып жатқанына таңғалдық. Бұл әсерлі. Өңіріңіздің заманауи алдыңғы қатарлы технологияларға бағыт алғанын көріп тұрмыз, біз олармен бөлісуге дайынбыз»,-деп атап өтті В. Горбатский.
Облыс басшылығы жобаны жүзеге асыруда жанжақты қолдау көрсететінін білдірді.
Атап өтер болсақ, «Медбиотех» 24 жыл бойы медициналық мақсаттағы имплантталған бұйымдар мен ғылымды қажетсінетін технологияларды әзірлеумен және өндірумен айналысып келеді. Қазақстан нарығын зерттеген белорусьтар Ақтөбе облысын неғұрлым келешегі бар деп шешкен. Нәтижесінде келесі жылы мұнда жоғары технологиялық медицина өндірісі жолға қойылады.
-
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды